Каспий құбыр консорциумындағы апат: Министрлік мәлімдеме жасады

18 Ақпан 2025, 23:54
245
Бөлісу:
Каспий құбыр консорциумындағы апат: Министрлік мәлімдеме жасады
Фото: pixabay.com

Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумындағы апатқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандық мұнайға еш шектеу жоқ.

Қазіргі уақытта КҚК тарапынан қазақстандық мұнайға шектеулер жоқ, қабылдау графикке сәйкес жүзеге асырылады. КҚК ақпаратына сәйкес, «Тенгиз – Новороссийск» магистральдық мұнай құбыры 2025 жылғы 17 ақпанда Мәскеу уақытымен сағат 02:50-де "Кропоткинская" мұнай айдау станциясының қатысуынсыз транзиттік режимде іске қосылды, - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның мұнай экспорты 30 пайызға төмендеуі мүмкін екендігін жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы