Каспий маңында барланған учаскелер мемлекетке қайтарылды

Кеше, 12:05
202
Бөлісу:
Каспий маңында барланған учаскелер мемлекетке қайтарылды
Фото: BAQ.KZ - архив

Келісімшарттық міндеттемелердің орындалмауына байланысты Каспий маңы бассейніндегі 8 барланған учаске мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов келісімшарттық міндеттемелер орындалмайтын және жұмыс жүргізілмейтін Каспий маңы бассейні шегіндегі барлау учаскелерін мемлекетке қайтару мәселесін көтерді. Қабылданып жатқан шаралар туралы энергетика вице-министрі Еран Ақкенженов баяндады.

2023-2024 жылдары Каспий маңы бассейнінде осындай 8 учаске анықталды. Аталған 8 келісімшарт бүгінде тоқтатылды. Осы жылы 4 учаске аукционға қойылды, олар бойынша жыл соңына дейін қол қою жоспарлануда. Қалған 4 учаске келесі жылы шығарылады немесе олар бойынша келісімшарттарға тікелей қол қоюды жоспарлап отырмыз, — деді Ерлан Ақкенженов.

Энергетика министрлігіне аталған жұмысты жеделдету тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы