Каспий Арал теңізінің экологиялық қасіретін қайталауы мүмкін

25 Мамыр 2021, 18:46
2521
Бөлісу:
Каспий Арал теңізінің экологиялық қасіретін қайталауы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Орталық Азия бойынша Еуропалық одақтың арнайы өкілі Питер Буриан мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

Суды қолданудың бұрынғы тәжірибелері Арал теңізіндегі ауыр қасіреттерге әкеп соқты. Бұл туралы әзірге ешкім айтпайды. Алайда ғалымдар бұл мәселені әлден шындап қолға алмаса, осыған ұқсас апат Каспий теңізінде де болуы мүмкін деген болжам жасап отыр, - дейді Буриан.

Ол Каспий теңізіне құятын Орал өзенінің саласында су ағысы азайғаны байқалатынын айтты.

Бұл процесс жеделдеп, шын мәнінде басқа экологиялық апатқа әкелуі мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр, - деп атап өтті ол.

Бурианның сөзінше, Каспийдің су ресурстарын тиімді әрі жауапкершілікпен қолдану бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту керек.

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан Арал теңізі 1960 жылға дейін көлемі бойынша әлемдегі төртінші теңіз саналатын. Соңғы 55 жылда теңіз көлемі үш есе қысқарды, ал су деңгейі 29 метрге дейін, көлемі 15 есе азайды. Бұдан бөлек оның тұздылығы басым түсіп, балық та жоғалып кетті. 

2018 жылдың тамыз айында Каспий бестігінің ішіне кіретін ел басшылары (Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Иран, Түрікменстан) Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойды. 

Өзгелердің жаңалығы