Каскадтық әдіспен 70 мың комиссия мүшесі оқытылды

13 Маусым 2022, 14:37
1229
Бөлісу:
Каскадтық әдіспен 70 мың комиссия мүшесі оқытылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өткен оқыту курсында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты.   

Бұл жолы сіздермен ынтымақтастық пен ортақ жұмыстың арқасында каскадтық әдіспен 70 мың учаскелік және аумақтық комиссия мүшелерін оқыттық. Бұл әдісті Референдумның орталық алаңынан бастадық, кейіннен Орталық референдум комиссиясының мүшелерімен 17 аймақтың 14-іне барып, каскадтық әдіс қалай жұмыс істейтінін көрдік. Бұл өте тиімді құрал екенін айтуым керек, – деді ол.  

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы үлгілерді құрастыру, рөлдік ойындар арқылы көптеген комиссия мүшелері білімдерін шыңдап, біліктіліктерін арттырды деп ойымен бөлісті. Академия беріп отырған мүмкіндікті қолдану  тұрақты түрде білім алудың қажеттілігін түсінуге ғана байланысты екенін алға тартты. 

Сонымен қатар, Нұрлан Әбдіров сайлауды өткізудің халықаралық стандарттарына тоқталды. 

Сайлауда, біріншіден, дауыс берудегі және дауысты санаудағы шынайылық болуы керек. Екіншісі – дауыс беру процесін бейтарап адамдармен ұйымдастыру. Үшіншіден, сайлаудың максималды түрде ашық өтуін қамтамасыз ету маңызды. Осы стандартқа мейлінше жақындау үшін заңнамаға үнемі жетілдіру жүргізіледі. Әрине, Қазақстанда қазір енгізіліп жатқан сайлау комиссияларын қалыптастыру қағидаттарын демократиялық деп айтуға толық негіз бар, – деді ол.  

Өзгелердің жаңалығы