Кәсіподақтар федерациясы Қостанай халқына көмек көрсетіп жатыр

6 Қыркүйек 2022, 19:18
1377
Бөлісу:
Кәсіподақтар федерациясы Қостанай халқына көмек көрсетіп жатыр

Бұл туралы ҚР Кәсіподақтар федерециясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біздің отандастырымыз, Қостанай облысының тұрғындары табиғи апаттың салдарынан зардап шекті. Жүздеген адам үй-жайсыз қалды, әдеттегі өмір салтын өзгертуге мәжбүр болды.Қостанай облысының тұрғындары үшін осынау қиын күндері Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы кәсіподақтардың барлық мүшесін қиыншылыққа тап болған жерлестерімізді қолдауға шақырады.Қостанай облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен Кәсіподақтар Федерациясының мүше ұйымдары табиғи апаттың алғашқы күндерінен бастап өрттен зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетіп жатыр, - деді ол. 

Ол атағандай, апаттың алғашқы сағаттарында Қостанай облысында орналасқан ҚРКФ мүше ұйымдары апат аймағындағы ауыл тұрғындарының бірінші қажеттіліктеріне 3 миллион теңге жіберді. 

Қазіргі таңда ауыл балаларын республикалық «Балдәурен» балалар лагеріне жіберу ұйымдастырылып жатыр. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жұмыскерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының шешімімен ҚРКФ қызметкерлерінің бір күндік жалақысы зардап шеккен қостанайлықтарға көмек көрсететін «Қайырымдылық KZ» қоғамдық қорына аударылады.Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсету және сауықтыру мақсатында Кәсіподақтар федерациясы оларға «Сосновый Бор» кәсіподақ шипажайына алдағы үш ай ішінде 50 жолдама береді, - деді ол. 

Ол атағандай, орман өртінен зардап шеккендерге бірлесе көмектесу қажет. 

Кәсіподақ мүшелері біздің бірлескен іс-әрекетіміз бен белсенді қолдауымыз Қостанай облысындағы орман өртінен зардап шеккен отандастарымыздың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға, өмірі мен денсаулығын сақтауға және олардың қалыпты өмірге тезірек оралуына ықпал ететініне сенімді, - деді Дәулеталин. 

Өзгелердің жаңалығы