Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин кәсіподақтар жұмысы жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2017 жылдан бері кәсіподақтардың саны алғаш рет өсіп отыр. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының да саны ұлғайды. Былтыр елімізде Еңбек қауіпсіздігі тұжырымдамасы қабылданды. Бұл өте маңызды құжат, себебі салада стратегиялық өзгерістер болып жатыр, - деді федерация басшысы.
Дәулеталин өндірісте жарақат алатын жұмысшылардың саны азайып келе жатқанын атап өтті.
Кәсіподақ бар жерде қауіпсіздік бар. Кәсіподақ бар жерде еңбек қатынастары дұрыс болады. Оның бәрін ұжымдық шарттар арқылы жүзеге асырып жатырмыз. 16 мыңнан астам ұжымдық шарт бар. Ол біздің кіші конституциямыз, себебі ол кәсіпорындардағы еңбек, әлеуметтік қатынастарды реттейтін құжат.
Еске сала кетейік, Астанада Кәсіподақтар федерациясының XXVII съезі өтіп жатыр. Съезге 300-ге жуық адам қатысуда.