Құлыбаев Президентке кәсіпкерліктің ТЖ режимінен кейінгі жағдайы туралы айтты

18 Маусым 2020, 16:09
724
Бөлісу:
Құлыбаев Президентке кәсіпкерліктің ТЖ режимінен кейінгі жағдайы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті бейне байланыс арқылы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Атамекен" ҰКП Төралқа төрағасы Мемлекет басшысына кәсіпкерліктің төтенше жағдай режимі және карантин шектеулерінен кейінгі жағдайы туралы айтты.

Тимур Құлыбаев бизнестің зардап шеккен салаларының түйткілді мәселелерін талқылау бойынша жұмыс кездесулердің өткенін айтып, оның алдын ала қортындысы туралы ақпарат берді. "Атамекен" ҰКП бастамасымен өткен бірлескен кездесулерге ҚР Премьер-министрі, Үкімет мүшелері, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері мен бизнес-қоғамдастық қатысты, - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысына жұмыспен қамту және қолдау шараларының тиімділігіне қатысты кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнамалардың қорытындысы туралы да баяндалды. Аталған сауалнамаларға 65 мыңға жуық бизнес субъектісі қатысқан. Бұдан бөлек, Қазақстан Президентіне Үкімет, жергілікті атқарушы органдар мен "Атамекен" ҰКП-ның бірлесіп, Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бірыңғай ахуалдық орталық ашу туралы ұсыныс айтылды.


Өзгелердің жаңалығы