Кәсіпкерлеріміз санкцияға ілінбес үшін не істеу керек?

4 Қазан 2022, 11:24
929
Бөлісу:
Кәсіпкерлеріміз санкцияға ілінбес үшін не істеу керек?
Фото: автордан

Бұл туралы Victory zone ЖШС директоры Раушан Сәбденова елдегі телекоммуникация саласына арналған дөңгелек үстел барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдан бері Үкіметке ұлттық операторлар нарығын монополиясыздандыру туралы бірнеше рет тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда ұлттық монополиялық операторлардың қызметінің көптеген саласы «Кәсіпкерлік кодексіне» енгізілген өзгерістерге сай жаңа тәртіп бойынша жұмыс істеуде. Алайда тауарларды таңбалау мен қадағалануының бірыңғай ұлттық операторының қызметі әлі монополиясыздандырылған жоқ. Бизнес қауымдастық жаңа талаптарды ұстанып жұмыс істеп жатқандарын түсініп отырмыз. Сондай жаңа енгізілімнің бірі – тауарды таңбалау, - деп атап өтті спикер.

Айтуынша, отандық кәсіпкерлер санкцияға ілінбес үшін жағдай жасалуы тиіс. 

Бірыңғай оператордың сайты таратқан деректерге сүйенсек, қазіргі уақытта 2019 жылдан бері үш тауар тобы таңбаланады. Олардың қатарында табак өнімдері, аяқ-киім және біртіндеп дәрі-дәрмекті таңбалау енгізілуде. Әлемдік қауымдастыққа жаңа геосаяси жағдай елге келген, сондай-ақ экспортқа шығарылатын тауар ағымдарын қадағалау қажеттігін тудырып отыр. Бұл кәсіпкерлеріміздің қандай да бір проблемаларға тап болып, санкция, тәуекелге ұшырамауы үшін қажет. Таңбалау уақыт талабына сай емес. Біздің нарықта таңбалауды жүзеге асыратын озық технологияларды ұстанатын бірнеше оператордың жұмыс істегені дұрыс деген ұсыныс айтқым келеді. Импорт және экспортпен айналысатын отандық кәсіпкерлер санкцияға ілінбес үшін тауарларды таңбалау жобасын жаңа деңгейде жүргізіп, жағдай жасауымыз керек, - деді Раушан Сәбденова.

Өзгелердің жаңалығы