Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасы жүргізген талдаумен алаңдарды жалға алу беру кезінде Өскемен қаласы әуежайы баға саясатын бұзғандығын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бас көлік прокуратурасының мәлімдеуінше, «Өскемен әуежайы» АҚ бекітілген прейскурантқа қарамастан жекелеген кәсіпкерлерге жалдау ақысының құнын едәуір төмендеткен.
Мысалы, әуежай басшылығы коммерциялық мақсаттар үшін кәсіпкерлік субъектісіне 100 ш.м. көлеміндегі аумақты ай сайынғы төлемге 50 мың теңге көлемінде берсе, басқа кәсіпкерге 10 ш.м. кофе аралын орналастыруға 100 мың теңгеге берген.
Жалға беруде әр түрлі шарттарды қолдану осы саладағы бизнестің салауатты бәсекелестігін қалыптастыруға теріс әсер еткен, жолаушыларға өз қызметтерін едәуір арзанырақ ұсына алатын басқа кәсіпкерлердің нарық сегментіне қол жеткізу құқығына нұқсан келтірілді.
Прокуратура араласуынан соң шарттар қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келтірілді, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал кәсіпкерлерге жалдау төлемдерін қайта есептеу жүргізілуде.
Осындай заңдылықтың жай-күйіне талдауды Астана қаласының авиациялық көлік прокуратурасы астаналық әуежайдың қызметінде де жүргізуде, атап айтқанда олармен жалға алушыларға «типтік шарттармен» белгіленген артық талаптар мен төлемдердің негізділігі зерделенеді.
Жалға алуды асыра бағалау және бизнес жүргізу үшін тең емес жағдайларды жасау, әуе айлағы аумағында жолаушылар мен басқа тұлғаларға көрсетілетін коммерциялық қызметтердің бағасына әсер ететінін атап өтеміз.