Кәсіпкерлерді қоқыс үшін алынып келген төлемдерден босатты

16 Маусым 2023, 10:15
655
Бөлісу:
Кәсіпкерлерді қоқыс үшін алынып келген төлемдерден босатты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Атбасар ауданының прокуратурасы кәсіпкерлерді тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму үшін заңсыз төлемдерден босатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен 2022 жылғы 2 қыркүйектен бастап Атбасар ауданында халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге бекітілген тариф күшіне енді.

Сол күні аудандық «Простор-Atbasar» газетінде қызмет көрсетуші «МЖД Атбасар сервис коммунальные услуги» ЖШС-ның қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға арналған жария шарты жарияланды. Аудан прокуратурасының анықтауынша, жоғарыда айтылған Серіктестік кәсіпкерлерді ҚТҚ жинау және шығару бойынша қызмет ақысын төлеуге заңсыз міндеттеген, - делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, Экологиялық кодекстің 367-бабына сәйкес, қызмет көрсетуші жеке кәсіпкерлермен және қызметін тұрғын үйлерде немесе жеке ғимараттарда жүзеге асыратын заңды тұлғалармен жеке шарттар жасасуға міндетті.

Нәтижесінде Серіктестік жария шарттың талаптарына сілтеме жасай отырып, кәсіпкерлермен жеке келісім-шарт жасамай олардан негізсіз сомаларды өндіріп алған.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Атбасар ауданының әкімдігі Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (эксаумақтық соттылық бойынша) кәсіпкерлердің құқықтарын қозғайтын жария шарттың жекелеген тармақтарын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берді, талап арыз толықтай қанағаттандырылды.

Апелляциялық сатыда жоғарыда аталған сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Осылайша, прокурорлар 1777 кәсіпкердің (1246 жеке кәсіпкер және 531 заңды тұлға) құқықтарын қорғады, олар жария Шарттың міндеттемелерінен босатылып, өздері үшін тиімді шарттар бойынша жеке шарттар жасай алады.

Өзгелердің жаңалығы