Кәсіпкерлер тазалықты жыл бойы сақтау бойынша ұсыныстармен танысты

28 Наурыз 2025, 13:32
343
Бөлісу:
Кәсіпкерлер тазалықты жыл бойы сақтау бойынша ұсыныстармен танысты
Фото: Арман Мухатов - архив

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында елорда әкімдігі қала кәсіпкерлеріне тазалық пен тәртіпті жыл бойы сақтау бойынша жан-жақты әзірленген ұсыныстарын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен жылы алғаш рет әзірленген арнайы чек-лист әр маусымның ерекшеліктеріне бейімделген ұсыныстарды қамтиды. Мәселен:

  • Көктем: шатырларды қардан уақытылы тазарту, ағаштарды қырқу және көгалдандыру.
  • Жаз: ағаштар мен жасыл желекті күтіп ұстау, суару жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету, тұрақты сенбіліктер өткізу.
  • Күз: кіреберістерге тайғанауға қарсы жабын орнату, жылыту маусымына дайындық.
  • Қыс: кіреберістерді мұзға қарсы қоспамен өңдеу, клиенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бұл бастама 250 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілерін қала тазалығы мен тәртібін сақтауға жұмылдыруға бағытталған. Бизнестің белсенді қатысуы елорда дамуына оң әсер етеді. Игі бастаманың басты мақсаты – қоршаған ортаға жауапкершілік мәдениетін қалыптастырып, туған қалаға деген сүйіспеншілік пен тазалықты дәріптеу, - дейді Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бөлім басшысы Қуаныш Кәдір.

Өзгелердің жаңалығы