Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы Бас прокуратураға қылмыстық топты жою жөніндегі арнайы операцияны жүргізу кезінде кәсібилік пен батылдық танытқан прокуратура органдарының қызметкерін көтермелеу туралы ұсыныс білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Талдықорған қалалық соты ұсынысында Жетісу облысы прокуратурасының қызметкері С.А. Дүйсенбаевтың «Қаңтар» оқиғаларына байланысты қылмыстық іс бойынша жоғары біліктілігін атап өтті. Оның мемлекеттік айыптауды белсенді және сауатты қолдағаны жоғары лауазымды шенеунікке қатысты әділетті сот актісін шығаруға ықпал еткен.
Бүгінгі күні кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Күнделікті жұмыста заңды тұлғалар мемлекеттік және бақылаушы органдар тарапынан заңнаманы өрескел бұзушылықтарға жол берген кезде прокурорлардың жедел араласуын қажет етеді.
Бас прокуратураға «Қазвтормет», «Прогресс KZ» ЖШС, «ЕВРОКРУК» ЖШҚ басшыларынан алғыс хаттар келіп түсті, олар Астана қаласы прокуратурасы мен көлік прокуратурасының қызметкерлерін көтермелеуді сұрады.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кәсіпкерге Астана қаласы әкімдігінен 12 млн теңге жедел қайтарылды. Келесі бір жағдайда Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасының қызметкерлеріне алғыс білдірген, атап айтқанда, Ресейлік компанияның негізсіз ұсталған көлігін қысқа мерзімде қайтарған, ал кірме жолдардың су басу және қатып қалу проблемаларын жою «Қазвтормет» ЖШС-ның тұрақты жұмысын қалпына келтірген, - делінген Бас прокуратура тартақна хабарламада.
Сондай-ақ Бас прокуратура қызметкерлеріне сотталғандардан алғыс хаттар келіп түсті, оларды Бас Прокурордың наразылықтары негізінде Жоғары Сот ақтады.
Жалпы, прокуратура органдарының қызметі сан қырлы және қарапайым тұрмыстық мәселелерден бастап, көптеген адамдардың құқықтарын қозғайтын жаппай заң бұзушылықтарды жоюға дейінгі азаматтар мен заңды тұлғалардың өмірінің барлық аспектілерін қамтиды.
«Жайнақ» шағын ауданының тұрғындары 4 ай бойы болған электрмен жабдықтау проблемаларын шешкен Алматы облысы Іле ауданының прокурорларына алғыс білдірді. Сондай-ақ Алматы қаласы Жібек Жолы және Мәуленов көшелеріндегі 4 көппәтерлі үйдің тұрғындары да коммуналдық жабдықтау проблемаларының осындай сұрақтарын шешкендері үшін прокурорларға ризашылық білдірген, - делінген хабарламада.
Біздің қызметкерлердің жұмысқа байланысты емес әрекеттері де азаматтардың назарынан тыс қалған жоқ.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің қызметкері Ж.Н. Мұрат «LIDER.KZ» еріктілерімен бірге 2 тәуліктен астам уақыт бұрын Астана қаласында жоғалып кеткен баланы тауып алып, ата-анасына тапсырған. Сол секілді Қостанай облысының Рудный қаласында прокуратура қызметкері Н.Е. Қалман жоғалған баланы тапқан, - делінген хабарламада.
Биыл прокуратура органдарына мемлекеттік органдардан, азаматтардан және заңды тұлғалардан 128 алғыс хат келіп түсті.
Ерекше жетістіктерге қол жеткізген қызметкерлерді Бас Прокурор мен облыс прокуратуралардың басшылары ведомстволық наградалармен және басқа да көтермелеу шараларымен марапаттады.