«Кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті». Смайылов ТЖМ қызметкерлеріне алғыс білдірді

28 Ақпан 2023, 10:11
1174
Бөлісу:
«Кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті». Смайылов ТЖМ қызметкерлеріне алғыс білдірді
Фото: Үкімет

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Түркиядағы құтқару жұмыстарына атсалысқан еліміздің ТЖМ қызметкерлеріне алғыс білдірді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Ең алдымен, бауырлас Түркия Республикасына барып, жер сілкінісінен зардап шеккен адамдарды құтқаруға атсалысқан Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Біздің мамандарымыз кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті, бастарын қатерге тігіп, мәртебелі міндетті абыроймен орындады, – деді Смайылов Үкімет отырысында.

Премьердің айтуынша, мамандарымыз кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті, бастарын қатерге тігіп, мәртебелі міндетті абыроймен орындады.

Сонымен қатар, министрліктің еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі бөлімшелері де шұғыл әрекет етіп, биылғы ақпан айында болған тасқын қаупін барынша азайтты. Олардың да үйлесімді жұмысын атап өткім келеді. Дегенмен, қалыптасып отырған жағдайды ескере отырып, біз су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелерін тағы бір рет қарауымыз қажет, – деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы