Кәсіби спорттың шығыны қысқартылады – Қожағапанов

19 Мамыр 2021, 15:15
1270
Бөлісу:
Кәсіби спорттың шығыны қысқартылады – Қожағапанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов спорттық секциялар және шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландыру туралы ҚР ОКҚ-да өткен өткен брифингте айтты.

«Bala» ақапарттық жүйесінің artsport.edu.kz порталының қай өңірде істемей тұрғанын тексереміз. 1 мамырдан бастап бағдарлама жұмыс істей бастады. Республикада 4 млн бала бар. Ол 4 млн өтініш дегенді білдіреді. Порталда олқылықтар болуы мүмкін. Ол бір мезетте мыңнан астам адамның кіруіне байланысты болуы мүмкін. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі сәйкес өтінім жібереміз, - деді Қожағапанов.

Өз кезегінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов биылғы жоспар бойынша әрбір облыстағы бала санына қатысты 10 пайыз қамтылатынын айтты.

Жергілікті жерлерде қойылған талаптар жүргізіліп жатыр. Мәдениет министрлігінің бақылауымен өңірлер балалар және жасөспірімдер спортына 16 млрд теңге бағытталды. Оның әрбір сомасын есептейміз. Бізде жергілікті бюджеттен кәсіби спортқа кететін шығынды қысқартып, балалар және жасөспірімдер спортын дамытуға бағытталады, - деді Қожағапанов.

Өзгелердің жаңалығы