Кәсіби дәрігерге көріну үшін енді терапевтке жазылудың қажеті жоқ

27 Наурыз 2024, 14:35
581
Бөлісу:
Кәсіби дәрігерге көріну үшін енді терапевтке жазылудың қажеті жоқ
Фото: автордан

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова журналистермен өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Енді кәсіби дәрігерге көріну үшін терапевтке жазылудың қажеті жоқ. Тек кәсіби дәрігерлерге тікелей бара аласыз. Дегенмен бұл мәселе әлі де қарастырылу үстінде деп атап өтті министр.

Біз 1 наурыздан бастап бұл мәселені қолға алдық. Бірақ тиісті бұйрықтарға өзгерістер енгізіліп жатыр. Медициналық сақтандыру қорымен қаржыландыру мәселесін пысықтап, айыппұл салмауды де талқылап, ішкі жұмыстарды үйлестіріліп жатырмыз. Хат негізінде жібердік, бірақ бұйрық енді шығады, - деді министр.

Өзгерген стандарттарға сәйкес енді негізгі 8 қызмет бойынша дәрігердің жазылуынсыз көмек алуға болады. Бірақ министрдің сөзінше, жалпы тәжірибелік дәрігердің тәжірибесі мен біліміне арқа сүйеу керектігін айтады.

Жалпы тәжірибелік дәрігердің білімін жетілдіру мәселесін, қызмет көрсету аясын кеңейту мәселесін де қарастырып жатырмыз, - деп атап өтті Әлназарова.

Сондай-ақ ол жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған талдаулар тізбесін қысқартып, олардың қолдану мерзімін де ұзарту мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтады.

Осыған дейін қандай жағдайда терапевт жолдамасынсыз басқа дәрігерлерге көрінуге болатыны туралы жазған едік. 

Өзгелердің жаңалығы