Кәсіби бағдар беруде Жапония тәжірибесін негізге алдық – жоба өкілі

30 Қаңтар 2023, 16:08
1292
Бөлісу:
Кәсіби бағдар беруде Жапония тәжірибесін негізге алдық – жоба өкілі
Фото: inform.kz

Бұл туралы «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің мүшесі Мұхтар Манкеев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қауымдастық кеңесінің мүшесі кәсіби бағдар берудегі шетел тәжірибесіне тоқталды. 

Бастамасы 2022 жылы қолға алынғанымен, «Болашақ» түлектерінің атынан «Болашаққа сеніммен» атты жобаны биыл ресми түрде іске асыруға кірістік. Кәсіби бағдарлау бағытына тоқталсақ. Еліміз үшін бүл жаңа бағыт болғанымен, халықаралық деңгейде бұрыннан дамып келеді. Мәселен, әлем бойынша көш басында Америка Құрама Штаттары тұр. Олар 1908 жылдан бастап кәсіби бағдар бағытын дамытып келеді. 1981 жылы кәсіптік кеңес беру туралы арнайы заң қабылдаған, - деп атап өтті қауымдастық кеңесінің мүшесі. 

Ал Франция кәсіби бағыт беретін 500-ден астам орталық ашқан.

Ұлыбритания 1973 жылы осындай заң қабылдаған. Швецияда «Өмір баспалдағымен қайда бару керек?» деген атау алған бағдарлама тек мектеп оқушыларына емес, мектепті бітіріп, ЖОО-на түскен студенттермен 5-6 жыл бойы жұмыс істейді. Қазақстанға қатысты айтсақ, бізге ыңғайлы тәжірибенің бірі – Жапонияныкі. Олар кәсіптік бағдар беруде жапон мектебінің жүйесін түбегейлі реформалау аясында енгізген. 7-9 сынып оқушыларына жыл сайын 16 түрлі мамандықпен жұмыс істеп көруге мүмкіндік береді. Мектеп бітірерде оқушы 48 мамандық бойынша бағын сынап көреді. Әр бағыт бойынша емтихан тапсырып, осылайша, болашақ мамандығын таңдай алады, - деді Мұхтар Манкеев.

«Болашақтықтар» «Болашаққа сеніммен» жобасын екі министрлікпен: Оқу-ағарту және Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірге қолға алған.   

Өзгелердің жаңалығы