KASE: ESG инвестицияларына деген қызығушылық артып келеді

16 Қараша 2022, 15:15
1393
Бөлісу:
KASE: ESG инвестицияларына деген қызығушылық артып келеді

"Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Қазақстан қаржыгерлерінің X Конгресі шеңберінде "ESG – қаржы нарығын дамытудың жаңа парадигмасы" атты халықаралық конференциясын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Конференцияны "ESG – болашақтың күн тәртібі" тақырыбында пленарлық пікірталас ашты, оның барысында спикерлер бизнестің тұрақты дамуының өзекті құралдары мен индикаторларын, "жасыл" қаржыландыруды тартудың артықшылықтары мен ерекшеліктерін және жауапты инвестициялау тәжірибесін талқылады. Олар сондай-ақ ESG инвестицияларына деген қызығушылықтың артуы дамушы нарықтар үшін тұрақты қаржыландырудың кеңейтілген және жетілген экожүйелерін құру мүмкіндігі екенін атап өтті. 

Қатысушылар сондай-ақ былтыр Қазақстанда "жасыл" қаржыландыру үшін барлық қажетті құқықтық орта қалыптасқаны туралы ақпаратты бөлісті: жаңа Экологиялық кодекс қабылданды, оның шеңберінде қолданыстағы табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін арттыруға, энергияны үнемдеуге, климаттың өзгеруін азайтуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған "жасыл" жобалардың Таксономиясы енгізілді. 

Заңнамалық деңгейде "жасыл" облигациялар, "жасыл" несиелер және басқа да қаржы құралдарын қоса алғанда, "жасыл" қаржыландыру ұғымдары белгіленген. Осы жылдан бастап ESG облигацияларын шығару және тексеру мәселелері заңнамалық түрде шешілді". 2015 жылы БҰҰ-ның "Тұрақты қор биржалары" бастамасына қосылған KASE үшін бүгінде бұл дамудың басым бағыттарының бірі. Биржа өз қызметінде ESG қағидаттарын ұстана отырып, оларды ел экономикасына жан-жақты ілгерілетеді.

"ESG бизнесті трансформациялау" панельдік талқылауында осындай трансформацияның қажеттілігі, сондай-ақ компания үшін ESG-стратегиясын енгізудің тиімділігі мәселелері көтерілді. Қатысушылар бүгінде бизнесті дамыту үшін ESG-ді қолдау бойынша қандай бастамалар бар екенін білді.

"Жауапты инвестициялау: инвестициялау стратегиясындағы жаңа ESG парадигмасы" атты келесі панельдік пікірталастың спикерлері бизнеске деген көзқарастарын қайта қарауға шақырды. Қатысушылар қаржы нарығында жауапты инвестициялау принциптерін енгізуді ынталандыру не үшін қажет екенін, қаржы ұйымдары оны ілгерілетуге қалай қатыса алатынын білді, бұл инвесторлар үшін жауапты инвестициялардың критерийі болып табылады. Бұл процесті бағалау және бақылау жақын арада құрылуы жоспарланып отырған Ұлттық рейтингтік ESG агенттігі жүзеге асырады.

ESG қағидаттарын банктік қаржыландыруға енгізу, рейтингтер беру және сенім деңгейін бағалау мәселелері, сондай-ақ бірнеше табысты жобаларды көрсете отырып, ESG қаржыландыруға практикалық тәсілдер "ESG қаржыландыру" панельдік пікірталаста талқыланды.

Төртінші панельдік пікірталасқа қатысушылар Орталық Азия мен Қазақстанда ESG күн тәртібін қабылдауға дайындығын бағалады, ESG бизнесті қаржыландыру құралдарының мүмкіндіктерімен танысты, Қазақстан мен өңірде тұрақты жобаларды іске асырудың ағымдағы мәселелері мен проблемаларын, сондай-ақ жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері мен көздерін талқылады.

Іс-шараны екі воркшоп аяқтады. Біріншісінде "ШОБ сегментін жасыл қаржыландыруға жәрдемдесу" туралы сөз болды. Спикерлер тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде кәсіпкерлерді қалай тарту керектігі, ШОБ үшін "жасыл" қаржыландырудың қандай құралдары тиімді болуы мүмкін екендігі, ШОБ-тың "жасыл" қаржыландыруға қол жеткізу проблемаларына тоқталды.

"ESG ақпаратын ашу: халықаралық стандарттарға ұмтылу" тақырыбындағы екінші воркшоп "ESG – қаржы нарығын дамытудың жаңа парадигмасы" халықаралық конференциясының қисынды қорытындысы болды. Қатысушылар жасыл күн тәртібіне әсер ететін реттеу процесін, қалай түсіндіру керектігін, ESG рейтингтері және нарықтық сынақтарға жауап беру және "жасыл жылыстату" мәселелерін талқылады. ESG ақпаратын және қаржылық емес ақпаратты ашу әдістемесі туралы әңгімелесті.

Конференция гибридті форматта – офлайн және онлайн өтті– және аудиторияны барынша қамту үшін үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таратылды. 
Конференцияға 800-ден астам адам, олардың ішінде мемлекеттік компаниялардың, қаржы, энергетика және IT секторларының өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар, аудиторлық және консалтингтік компаниялардың өкілдері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы