Қаржы нарығын реттеу агенттігі SBN желісіне тіркелді

10 Шілде 2021, 22:30
2924
Бөлісу:
Қаржы нарығын реттеу агенттігі SBN желісіне тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Sustainable Banking Network (SBN) орнықты банкинг желісіне қосылды.

SBN қаржы реттеушілері мен банктер қауымдастықтарының бірегей бірлестігі болып табылады. SBN-ге халықаралық практикаға сәйкес орнықты қаржыландыруды ілгерілетуді ұстанатын дамушы елдер кіреді. SBN өзінің мүшелерін оқытуға ықпал етеді және оларға орнықты қаржыландыру үшін осы елдерде драйверлер құру жөніндегі саясаттар мен аралас бастамаларды әзірлеуде қолдау көрсетеді.

Агенттік Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылды және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейді.

Агенттік қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржы нарығын дамытуға жәрдемдесетін, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Агенттік берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалған.

Біз Агенттіктің SBN қатарында болғанына қуаныштымыз. Бұл – Қазақстанның қаржы секторы үшін орнықты даму, атап айтқанда, климат тәуекелдерін қоса алғанда, экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық тәуекелдерді (ESG) басқаруды жақсарту арқылы даму бағытындағы маңызды қадам. SBN мүшелері мынадай екі: ESG тәуекелдерін басқаруды жақсарту (климат тәуекелдері туралы ақпаратты жария етуді қоса алғанда) және оң әлеуметтік және экологиялық әсер ететін қызметке капитал ағынын ұлғайту мақсатын көздей отырып, өз қаржы секторларының орнықты дамуын ілгерілетуді қолдайды, - деп атап өтті IFC-тің Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Екатерина Бенджамин. 

Агенттік реттеуші ретінде қаржы секторын орнықтылыққа ілгерілетуге және SBN белгілеген мақсаттарды қолдауға ұмтылады. Дүниежүзілік банк тобына кіретін SBN және IFC әлеуетті арттыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде білім алмасу арқылы және өзара іс-қимыл жасай отырып Қазақстан мен Агенттікті қолдау көрсетуін жалғастырады.

SBN – бұл тұрақты қаржыландыру саласындағы ұлттық бастамаларды әзірлеу және жүзеге асыру және экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық тәуекелдерді басқаруды жақсарту үшін мүшелерді практикалық қолдауды жұмылдыруды жеңілдететін білім алмасуға және әлеуетті арттыруға арналған платформа, - деп атап өтті Агенттікте.

Өзгелердің жаңалығы