Министрлік электронды темекі айналымын бақылау үшін қандай шара қолданатындарын айтты

28 Қазан 2021, 10:37
91971
Бөлісу:
Министрлік электронды темекі айналымын бақылау үшін қандай шара қолданатындарын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының отырысында депутат Сұлтан Дүйсембинов Қаржы министрлігіне электронды темекіні бақылау үшін қандай шаралар қарасытырып жатқаны туралы сауал жолдады.

Бүгінгі сенат отырсында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралып жатыр. 

Депутаттың айтуынша, аталған заң жобасы аясында темекі айналымын бақылау мақсатында фильтрлі және фильтрсіз темекі, папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағасын белгілеу функциясы берілген.

Жақында қабылданған жаңа Денсаулық кодексі бойынша электронды темекінің денсаулыққа зияны мен тәуелділікке әкелетіні кәдімгі темекіге теңестірілген болатын. Осы тұрғыда Қаржы министрлігі электронды темекіні бақылау үшін қандай шаралар қарасытырлып жатыр, - деді Дүйсембинов.

Аталған сауалға Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл жауап берді.

Электронды темекіге бақылауды күшейтуді ілеспе құжаттар беру арқылы жүргіземіз. Бақылау жүргізу үшін осы жылдың сәуір айынан бастап таңбалауды енгіздік. Осы шаралар электронды темекі айналымын және импорт тауарларға бақылауды күшейтеді. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі электронды темекінің айналымын шектеу үшін техникалық регламент енгізді. Қазір ол мемлекеттік органдарда қаралып жатыр, біз оны қолдаймыз, - деді вице-министр.
Өзгелердің жаңалығы