Министр: Жоспар 13 млрд теңгеге асыра орындалды

10 Қараша 2021, 10:24
857
Бөлісу:
Министр: Жоспар 13 млрд теңгеге асыра орындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті.

Министр 10 айдың қорытындылары бойынша мемлекеттік қаржының атқарылу көрсеткіштері туралы есеп берді.

Оның айтуынша, мемлекеттік бюджетке 8 трлн 719 млрд теңге сомасында кірістер түскен немесе жоспар 102,9%-ке атқарылған.

Республикалық бюджетке 5,6 трлн теңге түсті немесе жоспар 100,2%-ке атқарылды. Жалпы, кірістер бойынша жоспар 13 млрд теңгеге асыра орындалды, оның ішінде салықтар - 24 млрд теңгеге. Бұл ретте салықтық емес түсімдер 14 млрд теңгеге атқарылмады. Салық бойынша асыра орындаудың негізгі сомалары корпоративтік табыс салығына, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салыққа және шикі мұнайға экспорттық кедендік бажға тиесілі, - деді Қаржы министрі.

Министрдің атап өтуінше , корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың асыра орындалуы 666 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының 66,5%-ке ұлғаюына байланысты.

Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша жоспарды асыра орындауға 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда осы жылдағы 10 айда негізгі экспорттық позицияларға бағаның орташа есеппен 28%-ке өсуі әсер етті, -дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы