Қарулы Күштерде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы іске асырылып жатыр

31 Шілде 2021, 20:42
2080
Бөлісу:
Қарулы Күштерде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы іске асырылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері мен мекемелеріндегі жұмысын аяқтады деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Әскери қалашықтардың тұрғындары үшін Экономика және қаржы, Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменттері, Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы өкілдерінің, заңгерлердің қатысуымен жеке мәселелер бойынша қабылдау ұйымдастырылды. Әскери қызметшілермен және олардың отбасы мүшелерімен кездесу өткізіліп, олардың әлеуметтік-тұрмыстық және тұрғын үй жағдайы зерделенді. Әрбір мәселе «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында оларды барынша қысқа мерзімде шешу үшін назарға алынды.

Ақпараттық-түсіндіру тобы офицерлерінің қызметі әскери бөлімдерде жоғары моральдық-психологиялық ахуалды қолдауға, әскерлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және Қарулы Күштер ардагерлерімен, сондай-ақ басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылармен өзара қарым-қатынас жасауға бағытталған.

Ардагерлердің мол тәжірибесі өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу үшін қажет. Ардагерлер ұйымдары еліміздің барлық өңірінде жұмыс істейді, әскери бөлімдер қолбасшылығы олармен тығыз іс-қимыл жасауда.

Қарулы Күштер ардагерлері, басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушылар офицерлердің жаңа буынымен және мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерімен «ерлік сабақтарын» өткізеді.

Қорғаныс ведомствосы Қарулы Күштердің ардагерлерімен жүйелі жұмыс жүргізілуіне назар аударуда. Бұрынғы әскери қызметшілердің қызмет тәжірибесі мол, сондықтан оларды армия мүддесі үшін көптеген салаларға тарту керек, - деп атап өтті Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті бастығының орынбасары, полковник Ермиян Бятов.
Қарулы Күштерде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы іске асырылып жатыр

28-31 шілде кезеңінде қорғаныс ведомствосының ақпараттық тобы Өскемен, Аягөз қалаларында және шалғайдағы елді мекендерде жұмыс істеді. Оның ішінде Жарма ауданында және Жаңғызтөбе кентінде сапармен болды. Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің офицерлері Қарулы Күштер ардагерлерімен және жергілікті соғыс ардагерлерімен, әскери зейнеткерлермен және запастағы әскери қызметшілермен кездесу өткізді. Олар проблемалық мәселелерді тыңдап, ардагерлерді әлеуметтік қорғау және кепілдік берілген құқықтарды қамтамасыз ету мәселелерін шешуде жәрдемдесу үшін әскери бөлімдер мен бөлімшелерге бекітіп беру бойынша жұмыс жүргізді.

Жарма ауданы Қалбатау кентінің ардагерлері офицерлерге Интернационалист жауынгерлер аллеясына косметикалық жөндеу жұмысын жүргізу қажеттігі туралы өтініш білдірді. Ардагерлердің өтінішін Семей гарнизонының әскери қызметшілері орындайды.

Ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері Аягөз және Өскемен гарнизонындағы сарбаздарды салтанатты түрде запасқа шығарып салу рәсіміне қатысты. ҚР ҚК ҰӘПО Орталық ансамблі барлық елді мекендерде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына арналған концерт өткізді.

Қарулы Күштерде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы іске асырылып жатыр

Аягөз гарнизонында әскер қатарына Қарағанды қаласынан шақырылған мерзімді қызметтің қатардағы жауынгері Аслан Қасымов «Үздік бригада сарбазы» атағына ие болды. Әскери борышын өткеру уақытында ол өзін мерген, спортшы ретінде көрсетіп қана қойған жоқ. Сонымен қатар, командирлер оның өз ісіне адал, әдепті, алғыр, мақсатшыл сарбаз екенін атап өтті. Салтанатты шығарып салу рәсіміне оның әкесі Рамазан Қасымов келді. Есейіп, ержеткен ұлын көрген кезде ол өзінің мақтанышын жасыра алмады.

Қорғаныс министрінің атынан үздік әскери қызметшілерге әскери қызмет өткерген күндерінен естелік ретінде қолсағаттар, ал ата-аналары мен взвод командирлеріне алғысхаттар табыс етілді.


Өзгелердің жаңалығы