Картопты қайта өңдейтін зауыт салуды талқыладық – Жұмағалиев

18 Наурыз 2021, 12:55
1309
Бөлісу:
Картопты қайта өңдейтін зауыт салуды талқыладық – Жұмағалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше біз картоп тұқымын шығаратын Solуnta компаниясының коммерциялық директоры Чарльз Миллермен кездестік. Кездесу барысында картоп тұқымын өндіру, картопты қайта өңдейтін зауыт салу, сондай-ақ супер элиталық картоп тұқымын одан әрі тарату мүмкіндіктерін талқыладық, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Қазақстанның Нидерландтағы елшісі Асқар Жұмағалиев.

Чарльз Миллер Solynta-ның гибридті картоптары органикалық, ГМО емес өнім екенін атап өтті. 25 грамм картоп тұқымы 2,5 тонна тұқым түйнектерін алмастыра алады. Басқаша айтқанда, көлік шығындары азаяды, үлкен қоймаларды қажет етпейді, әрі қарай экспорттауға мүмкіндіктер пайда болады. Компания қиын климаттық жағдайларда картоп өнімділігі гектарына 5-тен 25 тоннаға дейін арттырған мысалдарымен бөлісті, - деп жазды ол.

Асқар Жұмағалиевтың сөзінше, жалпы, Нидерланды агроөнеркәсіптік секторды дамытуда жетекші ел болып табылады.

Бұған дейін біз жылыжай өндірушілерімен, мал шаруашылығы мен сүт өнімдерін шығаратын компаниялармен, және де өсімдіктерді қорғаудың биологиялық өнімдерін дамытатын компаниялармен кездестік. Егер сіз жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша ынтымақтастыққа қызығушылық танытсаңыз, кеңес алу үшін біздің әріптесіміз Улбосын Сарыбаева хабарлассаңыз болады, - деп жазды елші.

Өзгелердің жаңалығы