Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Картоп бағасы тағы өсе ме?

Олжас АДАЙ
8 Шілде 2025, 13:01
941
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа биыл дүкен сөрелеріндегі картоп бағасы арзандай ма деген сұрақ қойылды, деп хабарлайы BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, биыл картоптың егіс алқабы ұлғайтылған.

Сауда министрімен бірлесіп отырыстар өткіздік, бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Егер қандай да бір жерде шекті бағадан асып кету жағдайлары тіркелсе, сауда орталықтарындағы сатушыларға белгілі бір айыппұл салынады. Бұл бағыттағы жұмыстар жүргізілуде. Ал картопқа келсек, биыл егіс құрылымында 20 мың гектарға дейін ұлғайттық, – деді Айдарбек Сапаров.

Министрліктің болжамынша, биыл картоптың өнімділігі қалыпты деңгейде болады.

Картоп жеткілікті болады. Күзде оның бағасы төмендейді деп ойлаймын, – деп түйіндеді Сапаров.

Өзгелердің жаңалығы