Қарлы боран. 18 адам құтқарылды

23 Наурыз 2021, 21:21
2514
Бөлісу:
Қарлы боран. 18 адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидрометтің мәліметінше, 2021 жылдың 23 наурыз күні сағат 21-ден 24 наурыз сағат 21-ге дейін түнде бұрқасын болып, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді. 

Авариялық-құтқару, кезек күттірмейтін жұмыстарға, патрульдеуге қаланың шұғыл қызметтерінің жеке құрамы, оның ішінде Нұр-Сұлтан қ. ТЖД, ҚР ІІМ, ЖАО, жол қызметтері жұмылдырылған. 

"Рубеж" бекеттерінде автокөліктердің жиналуы-135 жеңіл, 29 жүк автокөлігі, оның ішінде: Щучинск қаласы бағытында - 40 жеңіл, 10 жүк автомобилі; Қарағанды қаласы бағытында-15 жеңіл, 7 жүк автокөлігі; Қорғалжын кенті бағытында - 30 жеңіл, 5 жүк автомобилі; Павлодар қаласы бағытында - 50 жеңіл, 7 жүк автокөлігі тұр. 

Елордалық құтқарушылардың күшімен осы уақытқа дейін 18 адам, оның ішінде 2 бала, сондай-ақ 5 техника құтқарылды. 

Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көктайғақ, көрінудің шектелуі) Нұр-Сұлтан қаласынан республикалық маңызы бар автожолдар учаскесінде барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды. 

Құрметті азаматтар! Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД қала сыртына шықпауға, шұғыл қызметтердің ескертуіне құлақ асуға, балаларды ересектердің қарауынсыз көшеге шығармауға  кеңес береді; үйде жылыту құрылғыларын пайдаланбаңыз; жүргізушілер жолда қауіпсіз жылдамдықпен жүруі керек, сондай-ақ қауіпті маневрлерден аулақ болу керек; жолдардың ашылуы/жабылуы туралы ақпаратты Сіз біздің "112-Nur-Sultan" Телеграмм арнасына, сондай-ақ 112 телефоны бойынша  қадағалай аласыз - дейді құтқарушылар.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мыңнан астам көлік қар құрсауынан құтқарылғаны туралы жазғанбыз.
Өзгелердің жаңалығы