Қарин: Сайлауда жастар мен әйелдердің саяси процестерге кеңінен қатысуын байқаймыз

12 Желтоқсан 2020, 18:34
1835
Бөлісу:
Қарин: Сайлауда жастар мен әйелдердің саяси процестерге кеңінен қатысуын байқаймыз

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының әйелдер мен жастар үшін партиялық сайлау тізіміне 30 пайыздық квота енгізу туралы бастамасы жүзеге асырыла бастады. 

Өткен жылы, 2019 жылдың 20 желтоқсанында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында Мемлекет басшысы әйелдер мен жастар үшін партиялық сайлау тізіміне 30 пайыздық квота енгізу туралы бастамасын жария еткен болатын. 2020 жылдың ақпанында тиісті заң жобасы әзірленіп, мамырда аталған құжатқа Мемлекет басшысы қол қойды. Енді міне, бір жыл өткеннен кейін аталған норманың қалай жұмыс істей бастағанын көріп отырмыз, - деп жазды Ұлттық Кеңес хатшысы Telegram парақшасында.  

Мәселен, ҚР Президенті көмекшісінің дерегінше, Мәжіліске партиялық тізім арқылы ұсынылған «Nur Otan» кандидаттарының - 31,7, «Ақ жол» партиясының - 36,8, Қазақстан халық партиясының - 36,2, «Ауыл» партиясының - 31,5 және «Адал» партиясының - 31,1 пайызын әйелдер мен жастар құрап отыр. Бұл норма мәслихат сайлауында да қолданылады.

Айталық, қазіргі уақытта бүкіл республикадағы мәслихат депутаттары корпусының небәрі 2 пайызы ғана - жастар. Сондықтан да осы сайлауда біз жастар мен әйелдердің сайлау және саяси процестерге кеңінен қатысуын байқайтын боламыз,- деді ол.

Өзгелердің жаңалығы