Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Азамат Қапеновке іздеу салды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Іздестіру парағы құқықтық статистика органдарының порталында пайда болды. Алайда оған не себепті іздеу салынғаны айтылмаған.
Оны іздеп-табуға ШҚО бойынша Антикор департаменті жауапты. Оларға хабарласу үшін +7 (723) 229 88 88 нөмірін теру қажет.
Kazinform мәліметінше, Қапенов Қазақстанның экс-премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің үлкен қызы Тамилла Кәрімнің жұбайы болған. Қапеновке іздеу салынғанына бес күн болды. Ол "Федералды жүк тасымалдау компаниясы" АҚ-ның ТМД аумағында бизнесті дамыту бойынша бас директорының орынбасары болған. Сондай-ақ бизнеспен айналысқан.
Бұған дейін оған Ресейде іздеу жарияланған. Оған қатысты ақпарат Ресейдің Ішкі істер министрлігі ресми сайтында орналастырылған.