Кәрім Мәсімовте Венгрия азаматтығы болғаны анықталды

11 Қараша 2022, 17:14
2287
Бөлісу:
Кәрім Мәсімовте Венгрия азаматтығы болғаны анықталды

Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның отбасы мүшелерінің Венгрия азаматтығын алғанын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

10 Қарашада Самарқандтағы түркі мемлекеттері ұйымының саммиті аясында Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев Виктор Орбанмен кездесу өткізді.

Айта кетейік, Кәрім Мәсімовтің үш баласы бар.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы қаңтар оқиғасынан кейін мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталған. Бас прокуратура жуырда оғамн қатысты қылмыстық істі зерделеу нәтижесі бойынша тергеу органының айыптау актісін бекіткен.

Сондай-ақ, Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтың ісі қай сотта қаралатынын жария етті.

Бұдан бұрын БҰҰ-ның жұмыс тобы Мәсімов ісіне қатысты мәлімдеме жасаған.

Қазақ үкіметін Кәрім Мәсімовтің негізсіз қамауда отырғанына байланысты істерді тәуелсіз тергеушілердің жүргізуін қамтамасыз етуге және оның құқықтарының бұзылуына жауапты адамдарды тиісті шаралар қабылдауға шақырамыз, – делінген БҰҰ-ның Себепсіз қамаулар бойынша жұмыс тобының мәлімдемесінде.

Алайда Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев БҰҰ-дан ресми түрде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты хабарлама түспегенін айтты.

Ол хабарламаны өз басым желілерден көрдім. Бірақ ондай жұмыс рекомендацияларын (БҰҰ-ның – авт.) әлі көрген жоқпын. Бас прокуратураға ресми түрде түскен кезде ол бойынша жұмыс жасалады. Нәтижесінде шешім қабылданады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы