Кардиомагнил дәрісін Қазақстанға жеткізуде неліктен кідіріс болғаны айтылды

16 Наурыз 2021, 12:12
1833
Бөлісу:
Кардиомагнил дәрісін Қазақстанға жеткізуде неліктен кідіріс болғаны айтылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі, «Almaty Finance» басқармасының төрағасы Тимур Хайыров онлайн брифинг барысында дәрі-дәрмектер нарығындағы жағдай туралы айтып береді.

Оның айтуынша, Алматыдағы аудан әкімдіктері COVID-19-ды емдеу хаттамасына кіретін 22 негізгі позиция бойынша қаланың 375 дәріханасының қолдағы бар дәрілік құралдарына жүйелі түрде мониторинг жүргізіп отырады.

Дегенмен жыл басында науқастарға қажетті кардиомагнил дәрісіне жаңа баға бекітілген.

Осы жылдың 21 қаңтарында 1 166 теңге және сәйкесінше 884 теңге көтерме бағамен сату үшін Кардиомагнил 150 мг 75 мг препараттарына жаңа шекті бағалар бекітілді. Яғни шекті көтерме және бөлшек бағалар жөніндегі бұйрыққа өзгерістер енгізілді. Аталған өзгерістер қалған дәрілердің қайта бағалауын жүргізу, көтерме сату дистрибьюторларымен және бөлшек сату желілерімен қайта шарттар жасасу  қажеттігіне байланысты, бүкіл Қазақстан бойынша дәріхана желілеріне кейбір препараттардың жеткізілімінің уақытша қиындықтарын тудырды. Жекелей алғанда, кардиомагнил препараты жеткізілімнің уақытша кідірістері болды. Бірақ, қала дәріханаларында «Ацетилсалицилды қышқыл» халықаралық патенттелмеген атауымен сондай басқа да препараттар болды.  Олар Тромбопол НЕО, Асс тромбин, Тромбо АСС және басқа да осы секілді дәрілер, - дейді Хайыров.

Қазақстан Республикасына кардиомагнилды жеткізуші «Нижфарм» ЕҰ ЖШС-і екен, олар осы дәрі өндірісінің еншілес ұйымы.

Біз бұл компаниядан препараттарды импорттағаны және қолданыста шамамен 1 млн орамының барын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасында бекітілген шекті көтерме бағаға сәйкес, бүкіл Қазақстан бойынша көтерме жеткізушілерге толық жеткізуге дайын екені туралы  ресми бекіту алдық. Қазір, компания әрі қарай Алматы қаласының дәріханаларын қоса алғанда, Республика дәріханаларына жеткізу үшін көтерме жеткізушілерге жеткізілімді жүзеге асырып отыр, - дейді ол.

Сонымен қатар Эмити, Зерде секілді көтерме компаниялар кардиомагнилдың жаңа шекті бағаларына сәйкес шамамен 11 мың орамын алған және оларды бөлшек сату үшін Алматы қаласының дәріханаларына жеткізіп жатыр.

Эмити компаниясы препаратты 1 дәріханамен қатар, жеке дәріхана желісі арқылы да бөлшек сатумен айналысатын 77 заңды тұлғаға, Зерде 43 заңды тұлғаға жөнелткен.

Өзгелердің жаңалығы