Кардиохирургиялық операция бөлімі халықаралық стандарттарға сәйкес жаңартылды

18 Тамыз 2021, 14:02
12479
Бөлісу:
Кардиохирургиялық операция бөлімі халықаралық стандарттарға сәйкес жаңартылды

Алматы, BAQ.KZ. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында кардиохирургиялық операция бөлімі халықаралық сапа стандарттарына сәйкес жаңартылды.

Институттың Басқарма төрағасы, Қазақ білім академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Роза Қуанышбекованың айтуынша, операция жасау бөлімі жүрекке күрделі операциялық араласулар жасауға арналған жоғары технологиялық жабдықтармен жарақталған. 

3D визуализациялаудың мүмкіндіктері бар заманауи торакоскопиялық тіреу қондырғысы орнатылды. 3D визуализациялауы бар жаңа аппаратураны пайдалану кеудені кеспей-ақ жүрек қақпақшаларына аз  инвазивті операция жасауға және коронарлық шунттауды орындауға мүмкіндік берді, - дейді ол. 

Кардиохирургиялық операция бөлімі халықаралық стандарттарға сәйкес жаңартылды

Клиниканың бірінші басшысының сөзін жасанды қанайналым зертханасы бар кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Рүстем Төлеутаев қолдады. Рүстем Мұхтарұлының айтуынша, осындай операциядан кейін пациенттер кеудені стандартты кесетін кезінде болатын ауырсынуды сезбейді, оңалу кезеңі жылдам өтеді, пациенттің бөлімшеде емделуі және жан сақтау мен қарқынды терапия бөлімшесінде емделу уақыты азаяды, қан кету көлемі төмендейді. Сонымен қатар пациенттер косметикалық әсер де алады.

Жаңа операциялық бөлмеде жарақаттанушылықты азайту мақсатында бір пациентті емдеу кезінде бір мезгілде 2 түрлі тәсіл қолдану арқылы (эндоваскулярлық араласулармен бірге ашық операция) гибридті операцияларды жасау мүмкіндігі бар.

Қазақстанда тек Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да ғана жүрек ырғағының бұзылысын коронарлық шунттау немесе жүрек ақауларын түзете отырып бір уақытта емдеу үшін ашық жүрекке криоаблация операциясы жасалатындығын айта кеткен жөн.

Бөлімшенің дәрігерлері мен мейіргерлері өздерінің біліктілігін арттыру мақсатында үнемі білімдерін жетілдіріп, теориялық және практикалық  дағдыларын арттырып отырады.  Барлық қабылданып отырған кешенді шаралар жыл сайын диагностикалау мен емдеудің сапасын жақсартуға және пациенттердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді, - дейді Роза Қуанышбекова.

Өзгелердің жаңалығы