Каратэден әлемдік рейтинг: Қазақстандық спортшылар көш басында

12 Мамыр 2020, 02:48
2040
Бөлісу:
Каратэден әлемдік рейтинг: Қазақстандық спортшылар көш басында

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық каратэ федерациясы (WKF) спортшылардың жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады. Жаңадан түзілген рейтингте қазақстандық Дархан Асаділов көш бастап тұр, деп жазды Olympic.kz.

Кумитеден 50 келіге дейінгі салмақта Мөлдір Жаңбырбай 16-шы, 55 келіге дейінгі салмақта Сабина Захарова 18-ші, 68 келіге дейінгі салмақта Гузалия Гафурова 38-ші орында тұр. Қыздар арасынан ең жоғары нәтиже тіркеген Софья Берульцева. Ол 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 5422 ұпаймен екінші орынға табан тіреді. Рейтингтегі бірінші орын ирандық спортшыға тиесілі. 

Ерлер арасындағы ең үздік көрсеткішті Дархан Асаділов тіркеді. Ол 60 келіге дейінгі салмақта 9517 ұпаймен көш бастап тұр. Асаділовтің басты қарсыласытары Анджело Кречензо (Италия) мен Самдан Ерай (Түркия) екінші және үшінші орында. Осы салмақтағы төртінші орынды қазақстандық Қайсар Алпысбай иеленген.  67 келіге дейінгі салмақта Дидар Әмірәлі 6-шы, Асылбек Мұратов 12-ші орында. 75 келідегі Ермек Айназаров рейтингтің 8-ші сатысын иеленген.  84 келіге дейінгі салмақта Данияр Юлдашев 5-ші, Игорь Чихмарев 6-шы орында. 

Өзгелердің жаңалығы