Каратэ. Облыс үздігі анықталды

6 Ақпан 2021, 22:12
1543
Бөлісу:
Каратэ. Облыс үздігі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектеп-интернат-колледжінде бұл  күндері каратэ спортынан кезекті Түркістан облысының чемпионатына іріктеуге арналған жарыс өтті. Жас  ерекшеліктері бойынша 12 және 13  жас пен 14-15  жас аралығындағы  жасөспірімдер татами төрінде жекпе-жек  өткізді. 

Сонымен бірге, 16-17 жастағы спортшылар да өзара мықтыны анықтады.

Шара кезінде барлық санитарлық талаптар қатаң сақталды. Тартысты сайысқа келген төрт команда бойынша жеңімпаздар анықталды. 

Жарыстың  қорытындысы бойынша бас жүлдені  Бекзат Саттарханов атындағы дарынды  балалардың спорт мектеп-интернат-колледжіннің шәкірттері иеленді. 

Ал, күміс жүлдегер атанған Түркістан облысының №1 олимпиадалық спорт мектебінің командасы еншіледі. 

Қола жүлдені Сайрам ауданынан келген Қарасу спорт клубының жастары олжалады. Іріктеуден өткен жеткіншектер облыс чемпионатында бақтарын сынайды.

Өзгелердің жаңалығы