Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
Оның хабарлауынша, репродуктивтік мөлшер 0,96-ға тең. Сондай-ақ еліміздің бас дәрігері алдағы айлардағы эпидахуалға болжам жасады.
Пессимистік сценарий бойынша қараша айында орташа тәуліктік тіркелген жағдайда 1800 жағдайға дейін, желтоқсанда – 2 350 жағдайға дейін құрайды. Реалистік сценарийге сәйкес, қарашада – 1650 жағдайға дейін, желтоқсанда – 1600 жағдайға дейін жетеді. Оптимистік сценарий бойынша: қарашада – 1500 жағдайға дейін, желтоқсанда – тәулігіне 1100 жағдайға дейін жетеді, - деді Денсаулық сақтау министрі.
Ведомство басшысының айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп коронавирус инфекциясының алдын алу мен эпидемияға қарсы іс-шараларға мониторинг жүргізу және оны іске асыру жалғасуда.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде соңғы екі айда коронавирус жұқтыру деңгейі 4,5 есеге азайғандығы туралы жазған болатынбыз.
Оқи отырыңыз: