Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін «Желмая» жобасында қонақта болған инфекционист-дәрігер Гүлжанат Шыршықбаева айтты.
Дәрігер соңғы күндері елдегі эпидемиологиялық жағдай төмендеп, күніге анықталып жатқан вирус жұқтырғандар санының артуына халықтың санитарлық нормаларды сақтамауы бірден бір себеп болып отырғанын айтады. Қазақстанда өткен тәулікте 610 адамда коронавирус індеті ПТР тестілеу арқылы расталып, ауырғаны белгілі болған еді.Карантиндік шектеулерді қатаң сақтай алмай отырмыз. Той жасау, тойға бару деген де тыйылмай отыр. Шығыс Қазақстан облысындағы сырқаттар санының шектес тыс көбеюіне маска тақпау ғана себеп емес, сонымен қатар, Ресейдегі жағдайдың да әсері бар деген ойдамын. Бізде инфекцияның өз ішімізде таралуымен қатар, сырттан келген жағдайлар да көп. Коронавирустың 8 түрі бар. Ол әр мемлекетте әр түрлі. Мысалы, бірінші толқында ауырып тұрған адамдар вирустың басқа түрімен екінші рет ауыруы мүмкін. Осыған байланысты шектеуді қатаңдатқан дұрыс деп ойлаймын. Алайда, карантиндік шектеудің маңызын Үкімет енгізгеннен кейін ғана сақтамай, әрбір адам жете түсінуі қажет. Сонда ғана нәтиже болады, - дейді ол.
Гүлжанат Шыршықбаева экономика мен адам өміріне таңдау болса, ең алдымен, адам өмірін таңдау керек деген пікірде.
Шетелдік ғалымдардың зерттеуі бойынша, антидене адамның ағзасында 8 апта сақталады. Бірақ оны әлі де зерттеу қажет. «Бір ауырып тұрдық, енді ауырмаймыз» деген ұғым болмауы керек. Себебі, әр адамның иммундық жүйесі әртүрлі. Антидене де әр адам ағзасында түрлі сақталуы мүмкін. Коронавирус елімізде алғаш анықталғалы бері науқастардың өкпесінің қабынуы байқалып отырғаны белгілі. Алайда, бұл инфекция тек өкпені зақымдайды деп қабылдауға болмайды. Ол жүректі, бүйректі, теріні, жүйке жүйесін, тіпті ішек-қарын жолдарын да зақымдайды және бұл система екінші толқында көп болуы мүмкін деп айтылып жатыр, - дейді дәрігер.