Карантин вирустың алдын алуға оң әсер етті

29 Шілде 2020, 15:43
1176
Бөлісу:
Карантин вирустың алдын алуға оң әсер етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Астана медициналық университетінің профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының меңгерушісі Ерболат Дәленов тілдесу барысында айтты.

Оның айтуынша, ел президенті қатерлі індеттің кең етек алып кетпеуі үшін дер кезінде шара қолданып, карантин шектеулерін енгізген. 

Қазір вирустың таралуы саябырсып, қауіп аз да болса сейілді. Оның үстіне халық арасында эпидемиялық нормаларды ұстану мәдениеті қалыптаса бастады. Осылардың нәтижесінде келешекте ұжымдық иммунитет пайда болатын шығар. Бүгін президентіміз карантинді тағы екі аптаға созуға тапсырма берді. Бұл шешімді өз басым құптаймын, өйткені ол дұрыс қадам. Мұндай қауіпті індет жағдайынан қатаң санитарлық режиммен біртіндеп шыққан дұрыс,-дейді  Ерболат Дәленов.

Дәрігер аурудың халық арасында көптеп тарауы өзімізден болғанын айтады. Өйткені бастапқыда бұл аурудың бар екеніне көпшілік сенбеген, сондықтан той-томалақ сияқты адамдар көп жиналатын жиындар өткізіліп, оның арты вирустың кең тарауына әкелген.

Мәдениеттің шамалы төмендеуінен бұл вирус тез тарап кетті. Қаншама адам вирус жұқтырып, біразы өліп кетті. Енді шектеу шараларын сақтап едік бірден саябырсыды, бұл карантин жағдайында оның алдын алуға болатынын көрсетеді,-дейді ол.

Сонымен қатар, ол коронавирустың алдын алу үшін бірқатар кеңесімен бөлісті.

Әуелі сабырлық пен позитив керек. Әркімнің сөзіне сеніп қорқудың қажеті жоқ, өйткені ол кезде адамның иммунитеті төмендей береді. Одан кейін сантиралық ережені қатаң ұстану керек. Яғни маска тағып, арақашықтықты ұстанып, адамдар көп жиналатын жерге бармау керек. Сондай-ақ дұрыс тамақтанып, жылы суды көп ішу керек. Сорпа ішіп, белогы көп тағамдарды жеген жөн. Осындай шараларды ұстанып үйде отырған кезде ғана адамдарда ішкі мәдениет пен ұжымдық иммунитет пайда болады. Соның негізінде осы індеттен құтыламыз,-дейді дәрігер.

Өзгелердің жаңалығы