Карантин талаптарын бұзғандарға 1,2 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

3 Маусым 2021, 11:40
1427
Бөлісу:
Карантин талаптарын бұзғандарға 1,2 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин талаптарын бұзғаны үшін қазақстандықтарға 1,2 млрд теңгеден астам айыппұл салынды.

31 мамырдағы жағдайға сәйкес карантин талаптарының сақталуын бақылайтын мониторинг топтары 95 мыңға жуық рейд жүргізіп, 585 мыңнан астам нысанды тексерді.

16 мыңнан астам кәсіпкерлік нысаны шектеу талаптарын бұзған.

Карантин режимін бұзған кәсіпкерлік нысандарының басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында, сондай-ақ, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.

Карантин талаптарын бұзғаны үшін 9,1 мың шағын және орта бизнес иесі, 6,8 мың жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша 300 іс сотқа жіберліп, 76 нысанның қызметі уақытша тоқтатылды.
Өзгелердің жаңалығы