Карантин талаптарын 3 мыңнан астам нысан бұзды – Есмағамбетова

23 Шілде 2020, 12:42
1145
Бөлісу:
Карантин талаптарын 3 мыңнан астам нысан бұзды  – Есмағамбетова

Нұр - Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Карантин талаптарын 3 мыңнан астам нысан бұзды. Бұл туралы бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова ҚР президенті жанындағы ОКҚ-да онлайн өткен баспасөз конференциясында айтты.

Қатаң шектелген шаралары енгізілгеннен бастап, 2 апта ішінде республикада 21 532 жағдай тіркелді. Ол алдыңғы екі аптамен салыстырғанда сырқаттану бір деңгейде қалып отыр. Маусымда 1,3-тен 2 есеге өсті. Қатаң карантин шаралары енгізілген соң ,шілде айында сырқаттану деңгейі өспегені байқалады. 5 шілдеден бастап республика бойынша қатаң карантин шаралары енгізілді. Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында денсаулық сақтау министрлігі халықтың карантин талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар ұйымдастыру және құқықтық шараларды қабылдады, - деді ол. 
Ол атап өткендей, аталған талаптарды бұзғандар жауапкершілікке тартылады. 
Әкімшілік – құқықтық кодекстің 425 бабы бойынша 30 АЕК жеке тұлғаларға, 1600 АЕК ірі кәсіпкерлерге айыппұл салынады. Қазақстан аймағында 644 өңірлік бақылау топтары жұмыс істейді. Олар 5 шілдеден бастап бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп келе жатқан 25438 нысанды қамтып отыр. Оның ішінде карантин талаптарын 3 мыңнан астам нысан бұзды. Карантиннің бастапқы аптасында айыппұл салынған жоқ. Тек түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.Бақылау топтары рейд барысында 16 мыңнан астам ұсыным берді. 742 нысан өз еркімен қызметін тоқтатты. Талаптардың ішінде маска тақпау, әлеуметтік қашықтықты сақтамау және кейбір рұқсаты жоқ нысандардың жұмыс істеуі тіркелді. Жұмыс ұжымы қорғаныш заттарымен қамтылмаған және бұқаралық шаралар өткізу жағдайы да кездесті, - деді ол. 

Ол атап өткендей, санитарлық-эпидемиологиялық органдары жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі. 
Бүгінде 270 нысан тексерілді. Оның ішінде бұзушылық барлық нысанда кездесті. Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы 1036 хаттама толтырылып, 202 ескерту берілді. 23 нысанның жұмысы тоқтатылды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы