Карантин талабын бұзғандарға 1,3 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

22 Маусым 2021, 14:21
3601
Бөлісу:
Карантин талабын бұзғандарға 1,3 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 1 қаңтары мен 19 маусымы аралығында карантин талаптарының сақталуын бақылайтын мониторинг топтары 107 358 рейд жүргізіп, 655 859 нысанды тексерді. 17 мыңнан астам кәсіпкерлік нысаны шектеу талаптарын бұзған.

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Карантин режимін бұзған кәсіпкерлік нысандарының басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.

Мониторинг барысында карантин кезінде қызметіне тыйым салынған нысандардың жұмыс істейтіндігі, жұмыс кестесіне қойылатын шектеулердің сақталмайтындығы, бұқаралық шаралардың ұйымдастырылатындығы анықталды.

Тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша 315 іс сотқа жіберліп, 84 нысанның қызметі уақытша тоқтатылды. Карантин талаптарын бұзғаны үшін 9, 9 мың шағын және орта бизнес иесі, 7,1 мың жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден асады, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы