Карантин. ШОБ-қа көрсетілген қолдау қандай?

8 Қараша 2020, 13:49
1872
Бөлісу:
Карантин. ШОБ-қа көрсетілген қолдау қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы пандемия кезінде шағын және орта бизнес субъектілеріне көрсетілген көмек үрлерін тізіп шықты.

«Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары шеңберінде несиелер бойынша түпкілікті мөлшерлеме біріздендірілген және 6% құрайды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша несие беру көлемі 400 млрд теңгеге ұлғайтылып, 1 трлн теңгені құрайды. «БЖК 2025» шеңберінде салалық шектеулер алынып тасталды және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша басым тауарлар тізбесі кеңейтілді. Несиенің жоғарғы шегі 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.  Ішінара кепілдік беру құралы бойынша несие сомасы 1 млрд теңгеге дейін ұлғайды, ол бойынша кепілдік мөлшері 50%-дан аспайды. Бұл ретте 360 млн теңгеге дейінгі несиелер қарыз сомасының 85%-ына дейінгі кепілдікпен жабылатын болады. 

Сондай-ақ шағын бизнес субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне инвестиция салуға 20 млн теңгеге дейін және айналым қаражатын толықтыруға 5 млн теңгеге дейін шағын несие беріледі. Бұл ретте портфельдік ішінара кепілдік мөлшері несие сомасының 85%-ын құрайды, несие сомасының 15%-ын кәсіпкер екінші деңгейдегі банктердің қалауы бойынша жабады. 

Кәсіпкерлерге «Даму» Қорының мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларына қатысатын қарыздар бойынша төлем мерзімін кейінге шегертуді ұсынуда қолдау көрсету мақсатында ТЖ және карантин шаралары кезеңінде жалпы несие сомасы 14,8 млрд теңгеге 404 жоба бойынша қайта құрылымдау қаралып, мақұлданды.

Өзгелердің жаңалығы