Карантин: Нұр-Сұлтан қаласының жабылу сәті

19 Наурыз 2020, 02:18
4875
Бөлісу:
Карантин: Нұр-Сұлтан қаласының жабылу сәті
PHOTO VIDEO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылы 19 наурыз күні 00:00 сағаттан бастап Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы қаласы карантиндік режимге жабылды.

image-19-03-20-01-26.jpeg

Бұл режим тікелей мемлекеттік комиссияның шешімімен қабылданды. 

image-19-03-20-01-26-1.jpeg

Нұр-Сұлтан мен Алматының айналасындағы көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы блокпосттар орнатылды. 

image-19-03-20-01-26-2.jpeg

Елордада 6 қадағалау бекеті, Алматыда 27 қадағалау бекеті орнатылды. Қалаларда санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар күшейтілді.

image-19-03-20-01-26-3.jpeg

Бас прокуратура карантин кезінде тәртіп бұзғандар 26 510 теңгеге (10 АЕК, 1 АЕК - 2651 теңге) көлемінде айыппұл төлейтінін немесе 15 тәулікке қамауға алынатынын ескертті.

Ал билік өкілінің талабын орындамағандар 5 миллион 302 мың теңге (2000 АЕК) айыппұл төлеуі немесе 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

image-19-03-20-01-27-1.jpeg

Азық-түлікке жатпайтын тауар базарларын, азық-түлік пен дәрі-дәрмек сататын нысандарды қоспағанда, ірі сауда-ойын сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы уақытша тоқтатылады.

image-19-03-20-01-27-5.jpeg

Ал әуе рейстері мен теміржолдар 22 наурыздан бастап толық тоқтатылады.

Бұған дейін ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия биылғы 19 наурыздан бастап, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізетінін жазған болатынбыз.

image-19-03-20-01-27-7.jpeg

Сонымен қатар, карантин кезінде екі қалаға кімдер кіре алатынын, қандай шектеулер қойылатыны және Нұр-Сұлтан мен Алматыға келіп-кететін пойыздар туралы хабарланды. Сондай-ақ, карантин кезінде қала маңындағы елді мекен тұрғындары қандай жағдайда қалаға кіре алатындығы туралы да айтылды.



Өзгелердің жаңалығы