Карантин: Мемқызметшілер оқушыларға арналған ноутбуктерді ұрлаған

26 Наурыз 2021, 12:09
2022
Бөлісу:
Карантин: Мемқызметшілер оқушыларға арналған ноутбуктерді ұрлаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының қызметкерлері Үкіметтің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен кедей отбасылардың балаларына арнап сатып алынған ноутбуктарды ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы AntikorNews алаңында өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров мәлімдеді.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс аудандары әкімдігінің білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Олар пандемия кезінде аз қамтылған отбасылардан шыққан аудан мектептерінің оқушылары үшін Үкіметтің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен Білім басқармасы сатып алған ноутбуктердің бір бөлігін ұрлады деген күдікке ілінді, - деді тергеуші.

Оның сөзінше, жасалған қылмыстан мемлекетке 12 млн теңгеден аса залал келтірілген.

Істің мән-жайлары тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды. Іс бойынша түпкілікті шешім тергеу әрекеттерін жүргізу нәтижелері бойынша қабылданатын болады, - деп толықтырды Данияр Бекайдаров брифингте.

Өзгелердің жаңалығы