Карантин кезінде Алматы кәсіпкелері 23,5 млрд теңгені құрайтын салықтан босатылды

10 Қыркүйек 2020, 12:47
1104
Бөлісу:
Карантин кезінде Алматы кәсіпкелері 23,5 млрд теңгені құрайтын салықтан босатылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин онлайн брифинг барысында айтты. 

Төтенше жағдай мен карантин режімі басталғалы бері, экономикалық жағдайды тұрақтандыру үшін, Алматы қаласының әкімдігі жұмыс орындары мен кәсіпкерлік субъектілерін барынша сақтауға бағытталған қолдаудың бірқатар негізгі шараларын қабылдаған.
Жалпы алғанда, карантин кезеңінде сомасы 23,5 млрд теңгені құрайтын 75 мың кәсіпкерлік субъектілері салық төлемінен босатылды. Сонымен қатар, несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру іске асырылды. Мәселен, сомасы 127,3 млрд теңгені құрайтын 360 мың қарыз, оның ішінде, шағын және орта бизнеске берілген, сомасы 72 млрд теңгені құрайтын 2889 қарыз бойынша төлемдер кейінге қалдырылды, - деді ол.
Төтенше жағдай режімінің кезеңінде Алматы қаласының әкімдігі ірі сауда нысандары мен кәсіпорындарының меншік иелерімен қызметі уақытша тоқтап тұрған кәсіпкерлерден жалға алу төлемін алуды тоқтата тұру туралы ұсыным беру сипатында түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Бұл жерде жалға берушілердің көпшілігі түсіністікпен қарағанын және үй-жайды жалға алу есебін жүргізуді тоқтатып қойғанын атап өту керек. Сөйтіп, Төтенше жағдай мен карантин режімінің кезінде ірі сауда нысандары, яғни 153 – сауда ойын-сауық орталығы 36717 меншік иесі үшін  жалға алу төлемін алуды тоқтатып қойды. Бұдан басқа, қазіргі уақытта көптеген базарлар мен Сауда  ойын-сауық орталықтары жалға алу құнын 20-30%-ға түсірді, - дейді Еркебұлан Оразалин.
Жалпы алғанда, жылдың соңына дейін мемлекеттік меншік нысандары бойынша сомасы 376 млн теңгені құрайтын жалға алу төлемінен 1111 кәсіпкер босатылмақ.
Өзгелердің жаңалығы