Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны өтіп жатыр. Жергілікті басқару органдарында әскерге шақыру медициналық комиссиялары өз жұмысын бастады.
Осы жылы шақырылушыларды қабылдау жоспары, сондай-ақ әскерге шақыруды ұйымдастыру тәртібіне төтенше жағдайларды енгізу нәтижесінде карантиндік шектеулерді сақтау және шақыру мерзімдерін өзгерту қажеттілігінен туындады.
Коронавирус жұқтыру қаупін ескере отырып, әскерге шақырушылардың денсаулығын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылданды.
ҚР ҚК БШ Ұымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының полковник Сәкен Жүсіповтің айтуынша жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлері әскерге шақыру контингентін жеке істер материалдары бойынша алыстан зерттеген. Олар шақырылушыларды хабардар ету және оларды медициналық тексеру кезінде, сондай-ақ олардың құрама пункттерде болу кезеңінде іс-қимыл жасаудың нақты алгоритмі бар. Суық тию ауруларына тән сипаттары анықталған шақырылушылар анықталған кезде іс-әрекеттері жеке жазылған.
Медициналық тексерулер екі метрден кем емес қашықтықты сақтаумен өткізіліп жатыр. Бұл талапты сақтау қатаң бақылауда.
Шақыру және жинау пункттерінің барлық қызметтік және қосалқы үй-жайларында, киім ауыстыратын орындарды, асханаларды және түнгі демалуға арналған орындарды қоса алғанда, күніне кемінде екі рет дезинфекция жүргізіледі.
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңына сәйкес азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз етудің барлық түрлері әкімдіктерге жүктелген. Олар медициналық комиссия құрамына дәрігер-инфекционистерді енгізіп, шақырылушыларды да, медициналық комиссия мүшелерін де медициналық маскалармен және бактерияға қарсы құралдармен толық қамтамасыз етеді.
Қорғаныс министрлігі жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлерін қорғау және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етеді.
Атап айтқанда, елордада 2020 жылдың көктемінде Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға әскерге шақыру жасындағы 800-ден астам азаматтарды шақыру жоспарланып отыр.
Осыған байланысты 5000-нан астам елордалық жігіттер медициналық куәландырудан өтеді. Олардың ішінде дені сау, дайындықтан өткендерді әскер қатарына жіберетін боламыз, - деді Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі полковник Ғани Артықов.
Әскерге шақырылушылардың өздері іріктеу әлі аяқталмағанына қарамастан, әскерде қызмет етуге дайын.
Мен өз елімді қорғауға дайынмын, әскери қызметке және әскери борышын атқаруға дайынмын! Менің ойымша, басқа да шақырылушылар ел игілігі қажет болғанша қызмет етуге дайын, - деді шақырылушы Батырхан Дабыл.
Екі апта ішінде жаңадан әскерге шақырушылар басқа жеке құрамнан оқшауланатын болады. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымы бойынша ПТР-зерттеу әскери бөлімдерге жеткеннен кейін жүргізілетін болады.
Карантин кезінде үнемі медициналық тексеру және жас буынды әлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізіледі, сондай-ақ бастапқы әскери дайындық курсы бойынша сабақтар ұйымдастырылады.
Жеке құрамның індет жұқтыруын болдырмау үшін жас буынды әскери ант қабылдау рәсімі әскери қызметшілердің туыстарынсыз өткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, шақыру және кейінге қалдыру мәселелерін түсіндіру үшін азаматтар Қорғаныс министрлігінің CALL-орталықтарына жүгіне алады. Құзыретті лауазымды тұлғалар толық жауап береді. Телефон нөмірлері Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында орналастырылған.