Карантин. Бұл шешімге толық негіз бар

30 Шілде 2020, 10:05
1627
Бөлісу:
Карантин. Бұл шешімге толық негіз бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Астана мемлекеттік медицина академиясының қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі Курейш Хамчиев Президенттің карантинді тағы екі аптаға ұзарту шешіміне қатысты пікір білдірді. 

Бұл шешімге толық негіз бар. Алғашқы карантиннің енгізілуі кезінде біз атқарылуы керек істерді жүзеге асыра алмадық. Соңғы кезде қабылданған шешімдер мен карантиннің тағы енгізілуінің нәтижесінде қала мен республикамызда науқастар саны азайды. Азаматтардың денсаулығы мен өмірі барлығынан биік. Біздің Үкімет сынды ескере отырып, қажетті шешімдерді қабылдап отыр. Әрине, мұның да теріс жақтары бар. Көп адам табысы мен жұмысынан айырылды, - деді ол.

Курейш Хамчиев айтып өткендей, шілде айында азаматтар біржолғы төлемді алды. 

Карантин тағы екі аптаға созылса, осындай қосымша қолдауды тағы ұйымдастырған дұрыс деп ойлаймын. Себебі тұрғындар бұл тұрғыдан қысым көрмеуі керек. Тәжірибе көрсеткендей, карантинді босаңдату кезінде азаматтар санитарлық талаптарды сақтауды доғаратынын көрдік. Сондықтан карантин кезінде де, босаңдату кезінде де талаптарды сақтау керек. Денсаулық сақтау саласында болған кадрлық өзгерістер мен Үкіметтің соңғы кезде қабылдаған шешімдері жағдайдың оңалуына оң әсер етеді деп ойлаймын, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы