Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысы тұрғындарының үй карантині режимін сақтауы олардың смартфондары арқылы қадағаланады. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Үй карантинінде отыруға тиісті азаматтарды енді "Смарт Қостанай" мобильді қосымшасы арқылы қадағалайды. Оның көмегімен мамандар карантин кезінде адамның қайда жүргенін ғана емес, оның жеке мәліметтерін де көреді. Сондай-ақ, карантин режимін сақтауға міндетті адам бұл қосымшаны орнатудан бас тарта алмайды - делінген хабарламада.
Осы мақсатта үй карантиніндегі азаматтарға қашықтан бақылау жасайтын арнайы мониторинг орталығы құрылды. Ол Қостанай медициналық колледжінің базасында ашылған. Бұл жерде мамандар карантиндегі адамның қайда және сағат нешеде барғанын қадағалайды. Ақпарат әр 20 минут сайын жаңартылады.