Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Қызылорда облысында 2600 орынға арналған 6 мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ осы жылы облыс орталығындағы біршама мектепке бейнебақылау орнатылып, Жедел басқару орталығына қосылмақ. Жалпы, жаңалығы көп өңірдің білім саласында қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Осы турасында Қызылорда облыстық Білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымовамен сұхбаттасқан болатынбыз.
- Ақзира Бақтыбайқызы, алдымен облыстың білім саласындағы жетістіктеріне тоқталып өтсеңіз.
- Пандемия жағдайында екінші рет оқу жылын аяқтадық. Педагогтардың табандылығы, оқушылардың шыдамдылығы, ата-аналардың қолдауы арқылы оқу тоқсандарын ойдағыдай өткердік деп ойлаймын. Әрине, өңірдің эпидахуалына сәйкес әр тоқсанда балалар қашықтан, онлайн форматтарда білім алды. Басты жетістіктер білім саласындағы индикаторлармен өлшенеді. Мемлекеттік бағдарламада жергілікті әкімдіктердің құзіретіне 4 индикатор, 23 көрсеткіш бекітілсе, 2020 жылы оның барлық индикаторы мен 22 көрсеткіші орындалды.
Биыл білім бөлімдерін басқару және бюджет қаржысын әкімшілендіру фукцияларын жаңа вертикалды басқару жүйесіне көшуге байланысты облыстық білім басқармасына қарасты мекемелер саны 35-тен 1084-ге көбейді.
Облыстағы 669 мектепке дейінгі ұйымда 58519 бала тәрбиеленуде. Ал, 3 пен 6 жастағы балаларды қамту 100% құрады. Дегенмен, 2 жастағы балалардың қамту көрсеткішін әлде де көтеруміз қажет.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы аймақтағы мемлекеттік балабақшалар жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесіне көшірілді. Қаржыландыру жан басына шаққанда 2020 жылмен салыстырғанда 31 мың теңгеден 48 мың теңгеге өсті, яғни 35 пайызға артты.
Орта білім беру саласына келер болсақ, облыстағы 304 мектепте 169 883 оқушы білім алуда. Өткен жылғы қыркүйек айынан бастап 58 мектеп жан басына шаққандағы қаржыландыру механизіміне көшірілді. оның 41-і Қызылорда қаласында, қалғандары ауданда орналасқан.
Оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру және білім сапасын арттыру бағытында жазғы мектептер жұмысын жолға қойдық. Ата-аналардың өтінішіне сәйкес 28 246 бала оқып жатыр. Әрине, танымдық бағыттағы жұмыстарға да мән берудеміз.
Саланы цифрландыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілді. Қашықтан оқытуды ұйымдастыру бағытында республикалық бюджеттен 3,2 млрд теңгеге 22 870 компьютерлік техника, жергілікті бюджет және демеушілермен 4000 электронды құрылғы алынды. Компьютерлер паркін 100% жаңарту арқылы бір оқушы санына шаққандағы компьютерлер көрсеткіші 14-тен 5-ке дейін төмендеді.
Барлық мектептер «BilimLand» «Күнделік» электронды платформаларына қосылды. Нәтижесінде, ұстаздарымыз ақпараттық технологияларды еркін меңгеруге мүмкіндік алды. Әрине, қиын кезеңде жаңа жағдайға бейімделіп жұмыс істеп жүрген барша ұстаздарға алғыс айтқан артық болмас.
Өңірде дарынды балаларды қолдау шараларын жалғастырудамыз. «Ел үміті» жобасы аясында «Мың бала» Ұлттық Зияткерлік олимпиадасы өткізілуде.
Жыл басынан халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарында 124 оқушы жүлделі орындар алды. Республикалық олимпиаданың қорытындысымен 26 оқушы жеңімпаз атанып, облыстың олимпиадалық командасы республикада жүлделі үшінші орынды иеленді.
- Балаларға арналған жазғы тынығу лагерьлерінің жұмысы жайында не айтасыз? Карантиннен кейін лагерьлер жұмысы қаншалықты деңгейде?
- Өзіңіз де білесіз, өткен жылы індеттің өрши түсуіне байланысты лагерьлердің жұмысына шектеу қойылды. Биыл біздің облыс "жасыл аймақ" деңгейін тұрақты ұстап келе жатқандықтан балалардың жазғы тынығу лагерьлеріне рұқсат берілді.
Облыста 1-10 сынып аралығында 160711 бала бар. 10 мыңға жуық бала үшін облыстағы 8 лагерь жұмыс жүргізеді. Ал, 90 мыңнан аса балалар мектеп жанындағы күндізгі лагерьде бой сергітетін болады. Сонымен бірге жазғы тынығу кезеңінде мектеп туризмін жандандыру бағытында 31 мың оқушыға туристік тарихи орындарға экскурсия ұйымдастырылуда.
Біз өткен жылдан бері жақсы тәжірибені енгіздік. Пандемия лагерьлер жұмысын онлайн бағытта да іске асыруға мүмкіндік берді. Арнайы инстаграм желісі арқылы online_vacation_qzo парақшасын ашып, 22 мыңнан аса баланы бір платформаға біріктірдік. Балалар онлайн акциялар, жұлдыздармен тікелей эфирлер, түрлі марафондарға қатысып, уақыттарын қызықты өткізді. Биыл бұл жұмыс жалғасып, жаңа форматтарда дамыды. Балалар мобилиография, видеомонтаж жасау, заманауи би технологиялары мен виртуалды саяхаттарға қатысып жатыр. Ерекше тағы бір бағыт – «Карантиндегі жұлдыз» жобасы бастау алды. Бұл балаларға ұлттық рух беретін ерекше бағыт. Сонымен бірге танымдық әрі интеллектуалдық ойындарға қатысып, көкжиегін кеңейте алады.
- Оқушылар 4 тоқсан бойы қашықтан оқып, білім алды. Жалпы онлайн сабақтың аймақтағы білім сапасына тигізген кері әсері қандай?
- Қашықтан оқытудың тиімділігі – бала өзі қалаған уақытта білім алуына болады. Оқушы өзінің кестесін құрастыра отырып, мұғалімнің ұсынған түсіндірме жұмыстары мен тапсырмаларына өз қалаған уақытында кіріседі. Бұл орайда оқушы өз сыныптастарынан артта қалдым деп қобалжуына негіз жоқ. Олар өздеріне қиындық туғызған тақырыпты қайта зерделеп шығуына, түсіндірме жұмыстарды қайталап көруіне, мұғалімнен түсінбеген сабақтарды қайталап сұрап, хат алмасуына, өзі толығымен түсініп алған немесе білетін сабақ тақырыптарын өткізіп жіберуге толық мүмкіндігі бар. Америкалық ғалымдар қашықтан оқыту мен дәстүрлі бiлiм бeрy нәтижeсiнiң бiрдeй, тiптi oдaн дa жoғapы eкeнiн дәлeлдeптi. Шәкірттер oнлaйн фopмaттa біраз сaбaқты ешкімнің көмегінсіз oқиды. Мұндай жағдай оқушының тaқыpыпты түсiнyiнe, eсте сақтауына жақсы әсер етеді. Oқy үрдісінде жaңa тeхнoлoгиялaрды қoлдaнy oны қызықты eтe түceдi.
Әрине, кемшілігі дe жoқ емес. Жасырытаны жoқ, онлайнға өтуде көп қиындық туындады. Қашықтықтан бiлiм бeрy коммуникативтік икeмдiлiктi дaмытy үшiн қoлaйcыз. Оқушылардың бір-бірімен, мұғаліммен байланысының аздығынан оқытудың бұл формасы топпен жұмыс icтey дaғдылapын дaмытyды әлcipeтeдi. Пpaктикaлық пәндерді жүргізудің өзі қиындық туғызып, кoмпьютepлiк сауаттылық мәceлeci кeйбip aғa буын мұғaлімдерге қиындық әкелді. Жалпы оқушылардың мектепке барып оқығаны тиімді, оның жөнi бөлeк. Оқушылар мектепті, сыныптастарын сaғынды. Ұcтaздap дa бұpынғыдaй өзapa қayқылacып, oқyшылapмeн бeтпe-бeт жoлыққыcы кeлeдi. Kарантин aтa-aнaлapғa мұғaлiм мeн мeктeптiң қaдiрiн ұқтыpды дeп aйтyғa бoлaтын шығap.
- Жуырда Қазан қаласындағы мектепте атыс болды. Сол оқыс жағдайдан соң біздің елімізде де мектептегі қауіпсіздік мәселесі көтеріле бастады. Қызылорда облысында осы мәселе қалай шешіліп жатыр?
- Сол оқыс жағдайдан соң ҚР Білім және ғылым министрі пcихoлoгиялық қызметтердің жұмысын қадағалау керектігін, оны жандандыруға күш салу қажеттігін назарға алды. Себебі еліміздің байлығы, келешегі – бала. Сондықтан оған немқұрайлылық танытуға болмайды. Барлығымызға мәлім, телефонға тәуелді болу онлайн оқу барысында күшейе түсті.
Өзіңіз де білетін шығарсыз, oтaндық бaйлaныc операторларында «Aтa-aнa бaқылayы» қызмeтi бap. Сол қызмет арқылы балаға көруге бoлмaйтын caйттapды бұғаттап, баланың қай ресурстарға кіргенін, кімдермен сөйлескенін білуге болады. Мен де балаларымды жoғaры cыныпқa көшкенге дeйiн көбiнe ocылaй қадағаладым.
Қауіпсіздікті сақтау үшін қазірде мектептерге 100% бейнебақылау орнатылған. 2020 жылы аймақтағы 70 мектептің бейнебақылау жүйелері терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіріліп, Қызылорда қаласындағы 14 мектеп жедел басқару орталығына, аудан орталықтарындағы 56 мектеп полицияның кезекші бөлімшелеріне қосылды. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 250 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ биыл 250 млн. теңге бөлініп, Қызылорда қаласындағы қалған мектептер бейнебақылаумен жабдықталып, жедел басқару орталығына қосылатын болады.
Облыс бойынша 110 мектеп ювеналды полиция қызметкерлерімен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, мектептерде 882 күзетші және 568 вахтер жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта мектеп күзетшілерін мамандандырылған күзет қызметкерлеріне ауыстыру, сондай-ақ мектептерді дабыл қондырғыларымен жарақтандыру мәселелері пысықталуда. Облыста Байқоныр қаласындағы 5 мектепке осындай қондырғылар орнатылған.
- Биылғы ҰБТ-ның барысы қалай?
- Қазіргі таңда ұлттық біріңғай тесттілеу – электронды форматта өтуде. Түлектер 6 мамырдан 30 маусымға дейін өздеріне ыңғайлы уақытта тестке кіре алады. Оқушылардың жоғарғы оқу орнына түсуіне мүмкіндік көп. Олар екі рет тестке қатыса алады. Бір бала – бір компьютерге отырып, бейнебақылау арқылы қадағаланып отырады.
Мұндай әдіс түлектерге көп көмегін тигізеді. Олар тестлеу күнін күтіп шаршамайды, яғни күйзеліске түспейді. Сондай-ақ екінші мәрте тест тапсыру балаға сенімділік ұялатады. Оған қоса, оқушы қорытынды нәтижені сол уақытта көре алады. Әрбір оқушы тест аяқталған соң, тапсырмалардың жауаптарына талдау картасы шығып, өзінің жіберген қателерін көре алады. Бiтiрyшi нәтижeлeрмeн кeлicпeгeн жaғдaйдa 30 минyт iшiндe элeктpoнды түpдe aпeлляцияғa бepyгe құқығы бap.
Oблыcтa ҰБТ 475 opынғa лaйықтaлғaн 4 мaмaндaндыpылғaн тeстiлeу бaзacындa өтyдe. Tecтiлey пyнкттeрi Қызылopдa қaлacы, Қaзaлы, Қaрмaқшы, Жaңaқopғaн aудaндapындa өткiзyдe. Oблыc бoйыншa 7007 түлeк мeктeптi бiтipiп, oның 85 пaйызы ҰБТ-ға қaтыcyдa. Әзiргe дeйiн oблыc бoйыншa eң жoғapы 138 ұпaй - Шиeлiнің oқyшыcы жинaп oтыp. Қызылopдa қaлacының жәнe Cырдapия aудaнының 2 oқyшыcы 137 ұпaй eншiлeдi.
Қaзiргi дeйiнгi көpceткiш бoйыншa 854 oқyшы 100-дeн жoғapы ұпaй жинaды. Сынaқ 30 мaycымғa дeйiн жaлғacaтындықтaн әлдe дe түлeктeр жoғaры ұпaй eншiлeйдi дeп ceнeмiз.
- Қазіргі таңда аймақта жеке мектептер саны артып келеді. Ақылы мектептерге баласын бергісі келетін ата-аналар аз емес...
- Әрине, жылдан жылға мектеп салуға ниетті кәсіпкерлер қатары көбейіп келеді. Өткен жылы өңірде 8 жеке мектеп болса, биыл оның саны 10-ға жетті. Ақылы мектептер де білім беру стандартына сай, оқыту жоспарымен балаларға білім береді. Басты ерекшелік - балалардың өзге де танымдық, интеллектуалдық, спорттық бағыттарда ерекше мүмкіндік алатыны. Әлбетте, жеке мектептерді ата-аналар өз қалауына сай таңдайды.
Біз қашанда мемлекетпен мүдделес жұмыс істеп, мектеп салуға ынтасы бар кәсіпкерлерді қолдаймыз. Қызылopдa қaлacындa 3 ayыcымды мeктeптepдi бoлдыpмay бaғытындa 600 opындық жaңa мeктeп пeн 200 opындық бiр мектептің қосымша құрылысы жыл coңынa icкe қocылaды. Ал, жeкe инвecтopлapмeн 800 орындық 2 жeкe мeктeп пaйдaлaнyғa бeрiлeдi. Сонымен бiргe, Aрaл, Жaңaқopғaн aудaндapындa eкi жaңa 300 opындық мeктeп қыpкүйeк aйындa oқyшы қaбылдaйды деп жоспарлануда.
Биыл облыста 2600 opынғa aрнaлғaн 6 мeктeп пaйдaлaнyғa бeрiлсe, жалпы келесі жылы 3750 орын санын құрайтын 5 мектептің құpылыcы бacтaлaтын бoлaды.
Қазір біз функционалдық сауаттылықты арттыруға ден қойдық. Балалар алған білімін өмірде қолдануға машықтануы керек. Білімнің сапасын бақылау да осы арқылы реттеледі.
- Қызылорда облысында мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
- «Педагог мәртебесі туралы» Заңының аясында мұғалімдердің еңбекақысы кезеңмен көбейтілуде. Облыста 22 222 педагог жұмыс жасайды. Оның 56 пайызы жаңа форматтағы аттестациядан өтті.
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында облысымызда 19528 педагогтар біліктілігін арттырды. Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді жаңартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқыту ерекшеліктері», «Жаңартылған білім беру бастауыш сынып оқушыларының шеберлігі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру», «Мектепішілік бақылау: критериалды бағалау бойынша жұмысын мектеп үйлестірушісінің жұмысын ұйымдастыру», «Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу сапасын жақсартудағы тиімді әдістер мен тәсілдері» оқыту семинарларын, коучингтер, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізілді.
Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау бойынша облысымызда 999 педагог біліктілігін арттырды. Педагогикалық шеберлік орталығы мамандарымен бірлесіп «Оқу процесінде БЖБ, ТЖБ жүргізудің әдіс тәсілдері», «Қашықтан оқыту жағдайында БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларды әзірлеу», «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында критериалды бағалауды қалыптастыру» тақырыптарында іс-шаралар өткізіліп, әр тоқсан сайын БЖБ, ТЖБ өткізілуі бойынша бірнеше рет талданып, ерекшеліктерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді.
«Робототехника негіздері» бойынша курстан 2016-2020 жылдар аралығында 936 информатика пәні мұғалімдері біліктілігін арттырды. Ал, үштілді оқыту бағдарламасы бойынша «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндерінен облыс бойынша 826 педагог курсты бітіріп, аталған курс бойынша сертификатталды. 2020-2021 жылдары 180 педагог «Өрлеу» АҚ-нан курстан өтті.
2019-2020 оқу жылынан бастап енгізілген «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша Қызылорда облысының «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының қолдауымен біліктілік арттыру курсы ұйымдастырылып, 214 мұғалім сертификатталып, қазіргі таңда аталған пәннен сабақ жүргізіп келеді. «Үздік бейінді оқыту жөніндегі орынбасар» атты облыстық кәсіби байқау, «Жалпы орта білім беру жағдайында мектеп жасындағы оқушыларға кәсіби диагностикалау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру жолдары», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнінің берілу ерекшеліктері мен әдістемесі», 9-11 сынып оқушыларына арналған «Бүгінгі оқушы – ертеңгі кәсіби маман» тақырыбында облыстық форум, вебинарлар өткізілді.
- Мұғалім қандай болу керек?
- Балаға шынайы жанашыр болып, бала жанын түсінетін адамды мұғалім деуге болады. Ең алдымен, мұғалім кәсіби маман болуы тиіс. Балаларға біліммен қатар адамгершілік принциптерін үйретуі қажет деп санаймын. Әрине, біздің өңірде ұстаздық жолда жүрген көптеген педагогтарымыз сенім үдесінен шығып, жалынды шәкірт тәрбиелеп, биік жетістіктерге жетіп келеді. Меніңше, мектептің дамуы, абыройы, білім сапасы мұғалімге байланысты. Ұстазы жақсы мектепті ата-аналар қалап келеді. Ал, бала келсе мектепке қаржы келеді.
- Сұхбатыңызға рахмет!