Карантин. 20 күнде 900-ге жуық хаттама толтырылған

28 Шілде 2020, 18:20
1781
Бөлісу:
Карантин. 20 күнде 900-ге жуық хаттама толтырылған

Алматы, BAQ.KZ. 5 шілдеден бастап осы күнге дейін қалада карантиндік және санитарлық-эпидемиологиялық режимді бұзғандарды анықтайтын 43 мобильді топ жұмыс істеуде.

Олардың құрамына әкімдік, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қызметін бақылау басқармаларының және жергілікті полицияның өкілдері енген.  

Мобильді топтар Президент пен Алматы қаласы әкімінің тапсырмаларын қала тұрғындарының жалпы қолданыстағы аумақтарда қалай орындап жатқандарына мониторинг жүргізеді.

Қаланың 8 ауданына тексерулер жүргізілді, оның нәтижесі бойынша әкімшілік құқықты бұзғандары үшін жалпы саны 897 хаттама толтырылды. Негізінен кафетерийлер, сұлулық салондары, автожуғыштар, ТҚС, азық-түлік дүкендері, наубайханалар, көкөніс дүкендері, қоғамдық моншалар, балабақша, процедуралық кабинеттер, арнайы ХҚКО мекемелерінде карантин шараларын ұстанбаған, - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, мобильді топтар карантиндік шараларды, әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді, сонымен қатар, жұмыс істеуге рұқсат берілген сауда нысандарының жұмыс кестесі туралы халықты күн сайын хабардар етеді.

Бұдан өзге, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қызметін бақылау басқармасы қаланың барлық 8 ауданында "жедел желіні" іске қосты. Осы желі арқылы хабар түскен бойда мобильді топ жедел жетеді және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Өзгелердің жаңалығы