Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жасөспірім күдіктімен бетпе-бет өз үйінің кіреберісінде кездескен. Белгісіз біреу баланы қарауылдап, ұялы телефонын беруін талап еткен, деп хабарлады Polisia.kz.
Біз Ерасылдың қылығына шын жүректен сүйсінеміз. Ол өзінің батылдығымен және қайсарлығымен қаскөйдің бетін қайтарудан қорыққан жоқ. Баланың анасына батыл ұл тәрбиелегені үшін ерекше алғыс айтамыз, ол өз құрдастарына жақсы үлгі бола алады, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.
Полицейлер Ерасыл мен оның анасын Полиция департаментіне шақырып, оны болашақта полиция қызметкерлерінің қатарынан көргілері келетінін жеткізді.
Мен Алматы қалалық полиция департаментіне күдіктіні тез ұстап, баламның ұялы телефонын қайтарып бергені үшін алғыс айтқым келеді. Шынымды айтсам, қылмыс тез ашылады деп күткен жоқпын, – деп атап өтті мектеп оқушысының анасы Дамира Қожа.