Қарағандылықтан 2,5 кг-ға жуық есірткі тәркіленді

1 Қараша 2020, 20:20
1150
Бөлісу:
Қарағандылықтан 2,5 кг-ға жуық есірткі тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда көлік жүргізушісінен екі келіден астам есірткі тәркіленді.

Polisia.kz сайтының жазуына қарағанда,  2020 жылы 26 қазанда Жаңаарқа ауданының ПБ қызметкерлері Қызылорда-Павлодар тас жолында “ВАЗ-21140” маркалы автокөлігін тоқтатқан. 

Автокөлікті қарау барысында жүк салғышындағы ақ түсті қаптың ішінен қоңыр түсті кептірілген, спецификалық иісі бар шөп тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат жалпы салмағы 2 кг 400 грамнан астам кептірілген марихуана екені анықталды. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабына (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Өзгелердің жаңалығы