Қарағандылық жасөспірімдер Pfizer вакцинасының бірінші компонентін алды

16 Қараша 2021, 13:55
943
Бөлісу:
Қарағандылық жасөспірімдер Pfizer вакцинасының бірінші компонентін алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда 12–18 жас аралығындағы жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакциналау науқаны басталды. Оларға Pfizer/BioNTech — Comirnaty препараты салынды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Вакцинация пункттері қала емханалары мен отбасылық денсаулық орталықтарында белсенді жұмысын қайта бастады, сондай-ақ мектептерде орналастырылатын болады.

Қарағандылық жасөспірімдер Pfizer вакцинасының бірінші компонентін алды

Он бесінші қарашада Қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының №1 Отбасылық денсаулық орталығының жанындағы вакцинация пункті екпе жасауға ниет білдірген оннан астам жасөспірімді қабылдады. Олардың арасында 17 жастағы Александр Маряхин бар. Қарағанды машина жасау колледжінің үшінші курс студенті неліктен өзінің вакцина алуға шешім қабылдағаны жайлы айтып берді.

Қарағандылық жасөспірімдер Pfizer вакцинасының бірінші компонентін алды

Бақытымызға орай, менің жақындарымның ешқайсысы коронавируспен ауырмады. Біздің отбасымызда бәрі егілді. Мен өзімді және туыстарымды қорғау үшін вакцина алуға шешім қабылдадым, өйткені ешкім аурудан сақтандырылмаған. Менің құрдастарым иммундауға басқаша қарайды. Бірақ, менің ойымша, вакцинация қазір қажет, – деді Александр.

Қарағандылық жасөспірімдер Pfizer вакцинасының бірінші компонентін алды

Даниил Ковальчук, ол да 17 жаста, вакцинация пунктіне анасымен бірге келді. Наталья – тіс дәрігері. Ол тек иммундау арқылы ауруды жеңуге немесе кем дегенде оның ағымын жеңілдетуге болатынына сенімді.

Менің ұлым спортшы, баскетболмен айналысады. Пандемияға байланысты ол жарыстарға баруын тоқтатты. Біз бәріміз бетперде мен шектеулерден шаршадық. Қалыпты өмірге оралғымыз келеді. Ұлым өзі вакцина алуға бел буды, өйткені оның көз алдында туған тәтесі екі рет коронавируспен ауырды. Мен оны қолдаймын, әсіресе бұл вакцина зерттелген, ДДҰ мақұлдады, – деді Наталья.

№1 отбасылық денсаулық орталығына бірінші күні барлығы Comirnaty (вакцинаның саудалық атауы) бірінші және екінші компонентінің 60 дозасы жеткізілді. Оның бір құтысы алты адамға арналған. Медициналық мекеме барлық қажетті стационарлық және жылжымалы тоңазытқыш жабдықтарымен жабдықталған және мектептерге шығуға дайын.– Біздің Қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығына 82 мыңнан астам адам тіркелген, оның ішінде 4 500 жасөспірім және 500-ден астам жүкті әйелдер. Біздің вакцинация пункті маусым – шілде айларында халықты белсенді иммундау кезеңінде күніне 500 адамға дейін қызмет көрсетті. Бізде бұл үшін қажеттінің бәрі бар, – дейді медициналық мекеменің директоры Татьяна Баширова. – Мен ата-аналарды вакцина алу туралы ақпаратты мұқият қарап, дұрыс таңдау жасауға шақырамын. Бұл вакцина АҚШ, Канада, Франция, Германия, Бельгия, Арменияда және басқа елдерде балаларды иммундау үшін белсенді қолданылады. Жалпы вакцинация бізді аурудан қорғауға көмектеседі.

Кеше, 15 қарашада қаланың вакцинация пункттерінде 31 жасөспірім мен 10 бала емізетін әйел егілді.

Қарағандылық жасөспірімдер Pfizer вакцинасының бірінші компонентін алды

Өзгелердің жаңалығы