Қарағандыдағы хайуанаттар бағы аумағына 300 ағаш отырғызылды

9 Қараша 2020, 14:42
1733
Бөлісу:
Қарағандыдағы хайуанаттар бағы аумағына 300 ағаш отырғызылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Демалыс күндері Қарағанды зоологиялық бағының аумағында 300 ағаш отырғызылды. Егер ауа райы қолайлы болса, тағы 60-қа жуық көшет отырғызу жоспарлануда.

Хайуанаттар бағының жасыл қоры тал, үйеңкі, сары акация, ұсақ жапырақты қарағаш және қарағай көшеттерімен толықтырылды.

Демалыс күндері біз 300 көшет отырғыздық. Осы аптада ауа райы мүмкіндік берсе, тағы 60 қарағай отырғызғымыз келеді. Хайуанаттар бағының аумағында ағаштар кесілмегенін атап өткім келеді. Қашаларда олар табиғи өмір сүру ортасын құру үшін орналасқан. Қазір біздің хайуанаттар бағында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша вольерлер жөнделуде. Бұл жануарларды ұстау жағдайларын жақсартады. Жұмыстар 90%-ға аяқталды, - деді Қарағанды мемлекеттік зоологиялық бағы директорының міндетін атқарушы Гүлнар Адамбекова.




Өзгелердің жаңалығы